Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


аштықтан  (кахексиялық) ісіну



Pdf көрінісі
бет207/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

аштықтан 
(кахексиялық) ісіну
дейді. 
АШЫҒУ КЕЗІНДЕГІ ІШКІ АҒЗАЛАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДЩ ЖАҒДАЙЫ
.
Ашығудың барлық кезеңдерінде организмде жылу өндірілуі 
әдеттегінің төменгі деңгейінде ұсталып тұрады. Тек үшінші 
кезеңнің соңына таман жылу өндірілу азаяды. Жылуды сыртқа 
шығару төмендейді. Дене қызуы қалыпты деңгейінің төменгі 
шегінде сақталып, тек ашығудың соңында ғана дене 
температурасы 30-20 
˚ 
С-ға дейін төмендеуі мүмкін. 
Ашығудың бірінші және екінші кезеңдерінде организмнің 


239
маңызды қызметтері қалыпты деңгейге жақын мөлшерлерде 
сақталады. Бірінші кезеңінде мидың, әсіресе тағамдық 
орталықтың, қозуы болады. Артынан орталық жүйке жүйесі 
тежелуінен рефлекстер азаяды, кейбір шартты рефлекстер 
жоғалады. Ашығу кезінде жарақаттық сілейме (травмалық шок) 
дамуына қолайлы жағдай пайда болады. Көпшілік жағдайларда 
ашығу адамның ойлау қабілетіне зиянды әсер етпейді. 
Ашығудың басында гипофизде кортикотропин мен тиреотропин 
өндірілуі артады. Осыдан қалқанша без бен бүйрек үсті 
бездерінің қызметтері көтеріледі. 
Ашығудың екінші кезеңінде барлық эндокриндік бездердің 
қызметтері 
әлсірейді. 
Гипоталамуста 
либериндердің 
өндірілуі 
азаяды. 
Содан 
гипофизде 
соматотропиннің, 
фоллитропиннің т.с.с. өндірілуі төмендейді, баланың бойы 
өсуі, жыныстық бёздердің қызметтері бұзылады. Ашығудан: 
♣ жүректің жиырылу қабілеті төмендейді, артериялық 
гипотензия, ауыр жағдайларда коллапс дамуы мүмкін; 
♣ рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі, гипоксияға 
жауап ретінде өкпенің желдетілуі мен тыныстық ауа 
көлемдерінің 
азаюы 
байқалады. 
Өкпенің 
тіршіліктік 
сыйымдылығы қалыпты мөлшерінің 1/3 –інен аспайды. Тыныстық 
жұқпалар жиі дамиды; 
♣ басында асқорыту сөлдерінің шығарылуы артып, өзінің 
нәруыздарын 
ыдыратады, 
босаған 
аминқышқылдары 
қанға 
сіңіріліп, олар глюкоза түзілу үшін пайдаланылады. Артынан 
ішек-қарын жолдарының семуі болып, асқорыту сөлдерінің 
шығарылуы 
азаяды. 
Гипохлоргидрия 
дамып, 
сөлдердің
асқорыту қабілеті төмендейді. Ашішектердің бүрлері семуден 
тағамдық заттардың сіңірілуі бұзылады (мальабсорбция), іш 
өтулері 
болады. 
Содан 
нәруыздардың, 
әсіресе 
алмастырылмайтын аминқышқылдарының, тапшылығы одан сайын 
күшейеді, ішектерде дисбактериоз дамиды; 
♣ полиурия, поллакиурия, никтурия дамып, артынан 
олигоурия болады; 
♣ гипохромдық анемия дамиды; 
♣ бауыр қызметінің бұзылуы байқалады; 
♣ иммундық жүйенің бүліністері болады; 
♣ бұлшықеттер мен буындарда ауыру сезімі байқалады;
♣ организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделу 
мүмкіншіліктері азаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет