237
қажет болады.
Ауыр, қайтымсыз кезеңі
кезінде дене салмағы 40% -
астам жоғалады, ауыр авитаминоздар дамиды, салдарлық
жұқпалардың қосылуы, дененің күп болып ісінуі (анасарка),
іш
өтуі,
ішкі
ағзалардың
дистрофиялық
бүліністік
өзгерістері байқалады. Бұл кезде ішкен тамақ мүлде
қорытылмайды.
АШЫҒУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРІНІСТЕРІ.
Ашыққан организмде мидағы тағамдық орталықтың қозуынан
қатты қарын ашу сезімі ерте пайда болады. Артынан толық
ашыққан организмде бірнеше күннен кейін бұл орталықтың
тежелуінен
аштық
сезімі
жоғалады.
Асқа
жарымаған
организмдерде аштық сезімі жоғалмай, ұдайы сақталып
қалады.
Ашығудан дене массасы азаяды. Оның бірінші кезеңінде
энергияны үнемсіз пайдаланудан дене салмағының азаюы тым
қатты болады. Екінші кезеңінде дене салмағының азаю
қарқыны біршама төмендейді және тәулігіне 0,5-1% ғана
болады. Сондықтан дене салмағының алғашқы мөлшері белгілі
болса, күнделікті оның азаю мөлшерін есептеп, ашығудың
ұзақтығын
шығаруға
болады.
Үшінші
кезеңінде
дене
салмағының азаюы қайтадан артады. Бұл кезде ішкі
ағзалардың салмағы әртүрлі мөлшерде азаяды. Май тінінің
салмағы 97%-ға, көкбауыр 60%-ға, бауыр
- 54%-ға,
бұлшықеттер - 37%-ға, қан - 26%-ға, бүйрек - 25,9%-ға,
жүрек - 3,6%-ға азаяды.
Ашығудың
6-8-інші
күндері
организм
тіндерінің
ыдырауынан олардың нәруыздары асқазан сөліне түседі. Олар
асқорыту сөлдерімен амин қышқылдарына дейін ыдыратылып,
қанға сіңіріледі және организмге қажетті нәруыздар түзуге
қайталап
пайдаланылады.
Ашығудың
алғашқы
күндері
организмде гликолиздік және липолиздік ферменттердің,
артынан трансаминдеу ферменттерінің белсенділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: