240
қалпына келеді. Бұл кезде адамның тәбеті ашылып, тотығулық
үрдістер жақсарады, оң азоттық баланс дамиды. Бірақ ұзақ
ашығудан ішек-қарынның сөл шығару қабілеті және қимылдық
әрекеттері әлсірейтінін есте сақтау қажет. Сондықтан
ашығудан кейін адамды ақырындап, аз-аздап тамақтандыру
керек.
Қайталап толық ашығулардан энергияны үнемдеп пайдалану
жолдары
жақсарады,
ашығудың
бірінші
кезеңі
қатты
қысқарады. Бірақ көп рет қайталанған ашығулар организмнің
икемделу-бейімделу
мүмкіншіліктерін,
иммунитетті
әлсіретіп,
өспе
дамуына
қолайлы
жағдай
туындатып,
жануарлардың өліміне әкелуі мүмкін. Бұл кезде тамақтандыру
нәтижелі болмауы да ықтимал.
СУСЫЗ ТОЛЫҚ АШЫҒУ
.
Сусыз толық ашығу сумен ашығуға қарағанда өте ауыр
түрде өтеді және содан 3-6 күннің ішінде жануарлар жан
тапсырады. Организмге су сырттан түспеуіне орай, ол
тіндерде заттардың алмасуларынан өндіріледі. Мәселен 100 г
май тотығуъшан 112 г су пайда болады. Көмірсулары мен
нәруыздар тотығуынан ол майларға қарағанда 2 есе аз
өндіріледі. Бұл ашығу кезінде организмге, қажетті қоректік
заттардың
түспеуімен
қатар,
судың
түспеуінен
қан
айналымның қатты бұзылыстары пайда болады. Организмнің
қатты
құрғауынан
қан
қоюланып
кетеді,
тіндерде
микроциркуляция бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: