Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет215/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Патогенезі. 
Дене қызымының бір деңгейде ұсталып тұруы 
денеде 
орталық 
жүйке 
жүйесінің 
әрекеттерімен 
қадағаланатын 
жылу 
өндіру 
мен 
оны 
сыртқа 
шығару 
үрдістерінің тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі. Мида 
жылылық орталығы алдыңгы гипоталамуста орналасқан. Бұл 
жерде:
● 
қызуды сезетін аумақ («термостат»),
● 
қызуды орнықтыратын аумақ («орнықтыратын нүкте»),
● 
жылу өндіру және оны сыртқа шығару орталықтары 
орналасқан. 
Қызуды 
сезетін 
аумақтың 
жүйкелік 
жасушалары 
ми 
артерияларымен ағып өтетін қанның қызымын қадағалайды және 
терімен басқа тіндердің терморецепторларынан, орталық 
жүйке жүйесінің бөліктерінен үдайы серпіндер қабылдап 
тұрады. Осы серпіндердің біріктірілуі мен талдануларының 
негізінде дене қызымы анықталады. Бұл туралы хабар «қызуды 
орнықтыратын нүктеге» беріледі. Ол, жылу өндіру мен оны 
сыртқа шығару орталықтарының қызметтерін қадағалайды да, 
дене қызымын белгілі дәрежеде ұстап тұрады. Егер 
«орнықтыру нүктесінің» нейрондары дене қызымының қалыпты 
деңгейден төмендеуін сезсе, онда жылу өндіру орталығын 
күшейтіп, жылуды сыртқа шығаруды азайтады. Керісінше, дене 
қызымы көтеріліп кетсе «орнықтыру нүктесі» жылу өндіруді 
азайтып, жылудың сыртқа шығарылуын арттырады. 
Жылу өндіру мен оны сыртқа шығару орталықтары алдыңғы 
және артқы гипоталамуста бөлек орналасқанына қарамай, олар 
өзара тығыз байланыста болады. Бұл орталықтар өздерінің 
әрекеттерін дербес (вегетативтік) жүйке жүйесі мен 
эндокриндік бездердің (гипофиз, бүйрек үсті бездері, 
қалқанша 
бездер) 
қатысуымен 
жүргізеді. 
Симпатикалық 
жүйкелердің артқы гипоталамустағы орталығының қозуы тері 


247
қан тамырларының жиырылуына, тер бөлінуінің азаюына, қанға 
және 
тіндерге 
адреналин, 
норадреналин, 
тиреиодтық 
гормондардың 
артық 
түсуіне 
әкеліп, 
жылудың 
сыртқа 
шығарылуын азайтады да, тін жасушаларында жылу өндірілуді 
арттырады. 
Парасимпатикалық 
жүйке 
жүйесінің 
алдыңғы 
гипоталамустағы орталыгы қозғанда тері мен шырышты 
қабықтардың қан тамырлары кеңіп, тер бөліну артуынан 
жылуды сыртқа шығару көбейеді. 
Қызба 
кезінде 
эндогендік 
пирогендердің 
әсерінен 
гипоталамустағы «орнықтыру нүктесі», қалыпты дене қызымын 
төмен деңгей деп қабылдап, жаңа жоғары температура 
деңгейіне ауысады. Енді ол симпатикалық жүйке жүйесінің 
орталықтарын қоздырып, парасимпатикалық жүйке жүйесін 
тежеп, жылу өндіруді арттырады да, жылуды сыртқа шығаруды 
шектейді. Осыдан ары қарай денеде жылу өндіру мен оны 
сыртқа шығарудың арасында тепе-теңдік жаңа жоғары деңгейде 
қалыптасады. 
Эндогендік 
пирогендер 
гипоталамустагы 
«орнықтыру 
нүктесінің» нейрондарына Е
1
және Е
2
простагландиндердің 
қатысуымен әсер етеді (1-сурет). Оған дәлел ретінде мына 
деректерді келтіруге болады. Егер жануарлардың миындағы 
бүйірлік қарыншаларға өте аз мөлшерде простагландин Е
1
немесе Е
2
енгізсе, онда оларда дене қызымы көтеріледі. Ал, 
простагландиндердің түзілуін тежейтін аспирин, парацетамол 
т.с.с. дәрілерді дене қызымы көтерілген жануарларға немесе 
адамдарға енгізгенде дене қызымы қалыпты деңгейге түседі. 
Сонымен бірге, қызба кезіндегі дене қызымы реттелуінің 
жаңа жоғары деңгейге көтерілуі нейрон мембраналарындағы 
кальций насосының қызметі бұзылуына байланысты болады. 
Мәселен, 
тәжірибелік 
жануарлардың 
гипоталамусындағы 
преоптикалық аумағын мұздатса, бұл нейрондардан Са
2+ 
иондарының сыртқа шығуы артады. Ал, керісінше, көрсетілген 
аумақты қыздырғанда жүйке жасушаларынан Са
2+
иондарының 
сыртқа шығарылуы тежеледі. Қызба туындататын пирогендерді 
гипоталамустағы преоптикалық аумаққа енгізсе, бұл аумақтың 
жасушаларынан Са
2+
иондарының жасуша сыртына шығарылуы 
көбейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет