Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Веналық гиперемияның патогенезі мен салдарлары



Pdf көрінісі
бет225/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

260

Веналық гиперемияның патогенезі мен салдарлары 
Себепкер ықпалдар 
Веналық гиперемия 
Көктамырлармен қан ағып шығуы баяулауы 
Қан ағуының көлемдік және сызықтық 
жылдамдылығы баяулауы 
Қылтамырларда қан іркілуі 
Жағымсыз жақтары: 
● ағза мен тіндерге О

мен 
қоректік заттардың 
тасымалдануы бұзылуы; 
● метаболизмдік ацидоз дамуы 
● қылтамырлар 
қабырғаларының өткізгіштігі 
көтерілуі 
Қосымша қылтамырлар ашылуы. Көктамырлар мен 
қылтамырларда қан қысымы көтерілуі 
Ісіну 
Жағымды жақтары: 
● улы өнімдердің жергілікті 
жерде ұсталып тұруы 
● жараның бітуіне қолайлы 
жағдай болуы 
● қабыну ошағында іркілген 
қанның уытты заттарды 
ыдырататын ферменттік және 
бактерияларды жоятын әсерлері 
болуы 
 
Тамыр ішінде 
қан ұюы артуы 
Склероз 


261
Ишемия.
Ишемия (грек. іsсhеіп - бөгеу, бөгелу, hаіmаtаз - қан) 
- деп артериялық тамырлармен қанның ағза мен тіндерге 
келуі азаюдан немесе мүлде болмауынан дамитын жергілікті 
қанайналымның бұзылуын айтады.
Ишемияның себептері: 
● 
а
ртериялық 
тамырдың 
сыртынан 
(бөгде 
затпен, 
тыртықпен, өспемен) қысылып қалуы (
компрессиялық ишемия
); 
● артериялық тамырдың ішінен тромбпен, эмболмен, 
дәнекер тінмен бітеліп қалуы (
обтурациялық ишемия
); 
● артериялық тамырдың жиырылып қалуы (
ангаоспазмдық 
ишемия
). 
Жан күйзелістері (қорқыныш, үрей, қайғы-қасірет), 
физикалық (суық температура, жарақат), химиялық (улы 
өнімдер), биологиялық (бактериялардың уыттары) т. б. қан 
тамырларын жиырылтатын жүйкелерді қоздырып ангиоспазмдық 
ишемия дамуына әкеледі. Ангиоспазм мида қан тамырларының 
қимылдық орталығы тікелей қозғанда (миға қан қүйылу, 
қабыну, өспе өсуі кездерінде, бас сүйек ішінде қысым 
көтерілгенде) 
немесе 
шеткері 
ағзалардың 
аурулары 
кездерінде рефлекстік түрде дамуы мүмкін. Мәселен, 
асқазан мен ішектердің, өт жолдарының, қуықтың, өкпенің 
аурулары жүрек тамырларының рефлекстік жиырылуына әкелуі 
ықтимал. Содан коронароспазм дамиды. 
Ангиоспазмның негізінде тамыр қабырғаларындағы тегіс 
салалы ет жа-сушаларының жиырылуы жатады. Әртүрлі 
(жүйкелік, химиялык, физикалық т. б.) әсерлерден осы 
жасушалардың ішіне Са

ионының тым артық енуі және 
олардың саркоплазмадан кальцийді жинақтайтын орындарға 
шығарылуы азаюы қан тамырларын жиырады. 
Ишемияның сыртқы көріністеріне:
● ағза мен тіннің бозаруы; 
● жергілікті температураның төмендеуі; 
● ауыру сезімі немесе қалыптан тыс бұрмаланған (ағза 
мен мүшелердің ұйып қалуы, шаншу, орынсыз жыбырлау) сезім 
(парестезия); 
● ағзаның көлемі мен серпімділігінің төмендеуі; 
● ағза қызметінің бұзылуы – жатады. 
Бұл әйгіленімдер ишемияның нәтижесінде ағзалар мен 
тіндерде 
микроциркуляцияның 
бұзылыстарынан 
дамиды. 
Оларға: 
● ағып келетін қан азайғандықтан тамырлардың ішіндегі 
қан қысымы төмендеуі 
● майда тамырларда қанның ағу жылдамдығы баяулауы 
немесе мүлде тоқтауы 
● қызмет атқаратын қылтамырлардың азаюы 
● қылтамырлар арқылы сұйық сүзілуі азаюы 


262
● лимфа ағып шығуы төмендеуі - жатады.
Осылай 
ишемияның 
нәтижесінде 
тіндердің 
қоректік 
заттармен, 
оттегімен 
қамтамасыз 
етілуі 
бұзылады, 
тіндерден 
зат 
алмасудың 
қалдық 
өнімдері 
сыртқа 
шығарылмайды. Ишемияга іліккен ағзаның қызметі мен 
құрылымында өзгерістер пайда болады, зат алмасу үрдістері 
бұзылады. Бұл бұзылыстардың қарқыны ишемияның ұзақтығына, 
орналасқан 
жеріне, 
гипоксияның 
дәрежесіне, 
қосалқы 
қанайналымның жағдайларына т. б. байланысты. Толық 
обтурациялық немесе компрессиялық ишемиялар ангиоспазмдық 
ишемияға қарағанда біршама ауыр өтеді. Тез дамитын және 
ұзаққа созылған ишемия, қысқа мерзімді және баяу дамитын 
ишемияларға қарағанда, ауыр бүліністерге әкеледі. Ишемия 
мида, жүректе ең ауыр өзгерістер туындатады. Бірнеше 
минөттің 
ішінде 
жасушалардың 
мембраналары, 
митохондрийлары бүлініп, олардың тарақшалары (кристалары) 
жоғалады, бөлшектенеді. Эндоплазмалық ретикулумдары мен 
жасуша ядросы ыдырайды. Содан жасушалар тіршілігін 
жоғалтып, инфаркт дамиды (10-сызбанұсқа). 
Ишемияның нәтижесінде некроздың дамуы немесе дамымауы 
ағза мен тіндердегі қосалқы қанайналым жағдайларына 
байланысты болады. Артериялық тамыр бітелгеннен кейін 
бірден ишемия ошағына қан қосалқы тамырмен келіп түседі. 
Оның қорғаныстық,-икемделістік маңызы үлкен. Қосалқы 
қанайналымды 
ишемияға 
ұшыраған 
ағза 
бөлшегінің 
айналасындағы сау тіндерде орналасқан артериялардың 
тармақтары мен бітелген артерия тармақтарының өзара 
байланыстары (анастомоздары) қамтамасыз етеді. Ишемия 
ошағына қосалқы тамырлармен қан келу үшін ағзаға келетін 
артерияның саңылауы белсенді түрде кеңуі қажет. Онда зат 
алмасу үрдістері бұзылуынан қышқыл өнімдер жиналады. Олар 
көрші сау артерияларды және олардың тармақтарын кеңітеді . 
Бұл артериялар бітелген артериялардың тармақтарымен 
байланысып, ағзаның қанмен қамтамасыз етілуін қалпына 
келтіруі ықтимал. Бұндай жағдайларда ағза тіршілігін 
сақтап қалады. Осыған байланысты кейбір ағзаларда (жүрек, 
бүйрек, көкбауыр) бұл қосалқы қанайналым тым аз дамыған 
болады. Сондықтан бұл ағэаларда ақ инфаркт дамиды. 
Өйткені артерия бітелгеннен кейін бүл тамырдың тармақтары 
қатты жиырылады. Қосалқы тамырлармен ишемия ошағына қан 
түспейді. Кейбір тіндерде (өкпе) қосалқы қанайналым дамуы 
жеткіліксіз болады. Сондықтан ишемия ошағына қан аз 
мөлшерде, ақырындап қылтамырлар арқылы келеді де, қан 
айналымды 
қалпына 
келтіре 
алмайды. 
Осыдан 
келіп 
қанайналым бұзылған ағзада некроз дамиды да, эритроциттер 
қылтамырларда жиналып қалады. Артынан олар диапедез 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет