Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет233/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Эмболия.
Эмболия 
(гр. Emballein - ішке лақтыру) 
- деп қан немесе 
лимфа ағымдарымен келген заттармен қан тамырларының 
бітелуін айтады.
Бұл заттардың түріне қарай эмболияны 
экзогендік (ауа, газ, бөгде заттар, бактериялар, құрттар) 
және эндогендік (тромб, тіндер, майлар) деп ажыратады. 
Әдетте эмболдың (эмболия туындатқан заттың) қозғалуы 
қанның 
қозғалу 
бағытымен 
бірге 
болады. 
Кейде 
ірі 
көктамырларда қан ағымы баяулаудан эмбол өзінің салмағымен 
қан ағу бағытына қарсы қозғалуы ықтимал. Бұндай эмболияны 
кері бағыттағы (ретроградтық) эмболия деп атайды. Сонымен 
бірге әдеттен тыс (парадоксалдық) эмболия болуы мүмкін. 
Бұл кезде эмбол, жүрекше аралық немесе қарынша аралық 
қалқандарда ақау тесіктердің болуынан, жүректің оң жағынан 
сол жағына тікелей, кіші қанайналым шеңберіне түспей, 
ауысады. 
Экзогендік эмболиялар. 
Ауа эмболиясы ірі көктамырлар 
(күре тамырлар, бұғана асты көктамыры) жарақаттанғанда 
пайда болады. Бұл тамырларда қан қысымы теріс болады және 
олардың қабырғалары айналасындағы тіндерге жабысқан. 
Сондықтан жарақаттанғаннан кейін олардың саңылаулары 
жабылмай қалады да, тыныс алу кезінде ашық тұрған 
саңылаулары арқылы ауа тамыр ішіне сорылады. Бұл ауа оң 
жүрекше, 
қарынша 
арқылы 
кіші 
қанайналым 
шеңбері 
тамырларына түседі, өкпе артериолалары мен қылтамырларын 
бітеп қалады. Осыдан өкпеде қанайналым бұзылады, газдардың 
алмасуы нашарлайды, тыныстық гипоксия дамиды, адам 
тұншығудан өледі. 
Газ эмболиясы адам жоғары атмосфералық қысымнан төменгі 
қысымға тез ауысқанда дамуы мүмкін. Мәселен, терең суға 
сүңгігенде әрбір 10 метр сайын барометрлік қысым 1 
атмосфераға ұлгаяды. Сондықтан теңіз немесе мұхиттарда 
қессондық жұмыс атқаратын адамдарға бірнеше атмосфера 
барометрлік қысым әсер етеді. Бұл кезде организмде 


273
газдардың (азоттың) еруі күшейеді. Олардың еруі май 
тіндерінде болады. Егер бұл адамдарды су астынан күрт 
көтерсе, онда организмде еріген газдар бірден газ күйіне 
айналады да, организмнен сыртқа шығарылып үлгермейді. Бұл 
газдар тамыр ішіне түсіп, эмболия дамуына әкеледі. Осындай 
жағдай ұшақтармен жоғары биіктікке көтерілгенде олардың 
кабинасы жабылуының тығыздыгы бұзылғанда байқалады. Бұл 
кезде қанда еріген газдар газ күйіне ауысады да, үлкен қан 
айналым шеңберлерінің қылтамырларын бітеп қалуы ықтимал. 
Көрсетілген жоғары барометрлік қысымнан төмен қысымға тез 
ауысу жағдайы декомпрессиялық аурулардың дамуына әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет