Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Экссудация (лат. ехsudаге - терлеу)  - деп қанның



Pdf көрінісі
бет241/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Экссудация
(лат. ехsudаге - терлеу) 
- деп қанның 
сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан 
нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге 
шығуын айтады. 
Оның дамуында мына факторлардың: 
● 
қылтамырлар 
мен 
венулалардың 
қабырғаларының 
өткізгіштігі артуының; 
● 
қылтамырлар мен
 
майда көктамырларда қан қысымы 
көтерілуінің; 
● 
қабынған тінде осмостық және онкотикалық қысым 
жоғарлауының – маңызы бар. 
Қылтамырлар мен майда көктамырлар қабырғаларының 
өткізгіштігі көтерілуі мына себептерден болуы ықтимал: 
♣ 
бастапқы 
және 
салдарлық 
әлтерациялардың 
нәтижесінде 
қан 
тамырлары 
қабырғаларының 
құрылымы 
бүлінуінен, 
♣ эндотелий жасушаларының аралықтарына жабысқан 
лейкоциттер 
өздерінің 
протеолиздік 
ферменттерін, 
катиондық нәруыздарын шығарып, тамыр қабырғаларының 
құрамын ыдыратудан; 
♣ қабыну дәнекерлерінің (серотонин, гистамин
кинин жүйесі, ПГЕ, F, лейкотриендер т. б.) әсерлерінен 
эндотелий жасушаларының жиырылып дөңгеленуі жасуша аралық 
саңылауларды кеңітуінен; 
♣ интерлейкин-1, өспелерді жоятын фактор эндотелий 
аралық байланыстарды ыдыратуынан; 
♣ жасуша сезімімен (рецепторлармен) байланысты 


289
эндотелий 
жасушаларының 
белсенді 
микровезикуляциялық 
қызметінің көтерілуінен. Эндотелий жасушалары сұйықтың 
өте ұсақ тамшыларын жұтып (оны микропиноцитоз дейді), 
оларды жасушаның екінші жағына тасымалдап шығарады. Мұны 
микровезикуляция (грек. mikros - ұсақ, vesicula - 
көпіршік) - нәзік көпіршіктену дейді. 
Қылтамырлар мен майда көктамырларда қан қысымы 
көтерілуі оларда қан іркілуінен болады. 
Қабыну ошағында осмостық және онкотикалық қысымның 
жоғарылауы ондағы физикалық-химиялық өзгерістерден дамиды 
(жоғарыда келтірілді). 
Экссудациямен лейкоциттердің тамыр сыртына шығуы 
(эмиграциясы, лат. emigгаге — орын ауысгыру) тығыз 
байланысты және ол үш сатыдан тұрады: 
● лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы 
(маргинациясы); 
● лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы оның 
сыртына шығуы (5-сурет); 
● лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет