296
әкеледі. Ол өзбетінше бактерицидтік әсер етеді немесе
аммониймен,
аминдермен байланысып, бактерицидтік әсер
ететін хлорамин түзеді.
Бактерияларды
жоятын
бұл
әсерде
фагоциттердің
лизосомаларында
(пероксисомаларында)
болатын
бактерицидтік
заттардың
фагосоманың
ішіне
түсуінен
дамиды.
Осылармен қатар нейтрофилдерде басқа да бактерицидтік
заттар болады. Оларға азурофилдік түйіршіктерінде болатын
ұсақ молекулалы дефенсиндерді, арнайы түйіршіктердегі
лизоцимді, микробтардың өсіп-өнуін
тежейтін нәруыздарды
(мәселен, олардың тіршілігіне қажетті темір ионын
байланыстыратын лактоферинді) келтіруге болады.
Макрофагтардың бактерицидтік әсері оттегінің бос
радикалдарымен
және
азоттың
сыңар
тотығының
(нитроксидтің) қатысуымен байқалады. Оларда өндірілетін
гамма-интерферон,
өспелерді жоятын фактор, интерлейкин-1
т.б. цитокиндердің әсерлерінен NO-синтаза ферментінің
белсенділігі артады. Содан нитроксид (NO) түзілуі
көбейеді.
Ол
өспе
жасушаларының,
бактериялардың,
вирустардың
өсіп-өнуін
тежейді.
Өйткені
нитроксид
нәруыздар мен нуклеин қышқылдары түзілуіне қажетті
көптеген ферменттердің белсенділігін азайтады. Нитроксид
супероксиданион
радикалмен
байланысып,
пероксинитрит
құрады. Ол жасушаларға уытты әсер ететін бос радикалдарға
(OH
•
, NO
‾
) ыдырайды.
Фагоциттердің ішінде
кейбір микробтар тіршілігін
жоғалтпайды.
Мәселен,
туберкулез
таяқшалары
сыртқы
қапшықтарымен және фагоциттің цитоплазмасымен қоршалып,
микробқа қарсы ықпалдардан оқшауланады.
Достарыңызбен бөлісу: