297
түтікшелердің ақауларынан – дамуы ықтимал. Бұл кезде
олардың қимыл-қозғалыстарының бұзылыстары болып, «жалқау
лейкоциттер» немесе Чедиак-Хигаши синдромы дамиды.
Фагоциттердің бактерия жойғыш жүйелерінің ақаулары
мына жағдайларда:
♣
НАДФН-оксидаза
ферментінің
гендік
ақауынан
оттегінің бос радикалдары өндірілуінің бұзылуы;
♣ катиондық нәруыздардың ақауы;
♣ лизосомалық ферменттердің төмен белсенділігі –
кездерінде байқалады.
Жүре пайда болған фагоцитоздың бұзылыстары:
♣ қантты диабет;
♣ ауыр металдармен улану;
♣ сәулесоқ ауру;
♣ тамақ құрамында нәруыздар жетіспеуі;
♣ стероидтық гормондармен ұзақ емдеу;
♣ қартаю, т.б. – кездерінде лейкоциттердің адгезиясы,
хемотаксис, бактерицидтік жүйенің бұзылыстарынан дамиды.
Бұл келтірілген жағдайлардың барлығында фагоцитоз
аяқталмаған болады және жұқпалардың бүкіл денеге жайылып,
тарап кетуі байқалады. Бұндай жағдайларда адам әртүрлі
жұқпаларға жиі ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: