Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет248/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Пролиферация
Пролиферация
 
(лат. ргоlез — ұрпақ, fего — әкелу) 
қабынуға 
қатысатын 
әсіресе 
макрофагтар 
мен 
лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі. 
Осының нәтижесінде қабыну ошағын қоршайтын тығыз сүзілме 
(инфильтрат) 
қалыптасады. 
Ол 
қабыну 
ошағынан 
бактериялардың, олардың уыттарының, қабыну дәнекерлерінің 
т.б. уытты заттардың бүкіл денеге тарап кетуінен 
сақтандыратын тосқауылдық қызмет атқарады. Қабыну ошағына 
шыққан нейтрофилдер фагоцитоздың нәтижесінде өздерінің 
тіршілігін жоғалтады. Ал, моноциттер және лимфоциттер 
сақталып қалады. Макрофагтардың ішінде антиоксиданттық 
ферменттер, нейтрофилдерге қарағанда, басымырақ келеді. 
Сондықтан олар қабыну ошағында төзімдірек болады. 
Макрофагтар жасушалардың және жасуша аралық заттардың 
ыдырау өнімдерін жойып, тіндердің қалпына келуі үшін орын 
тазалайды. Олар бүлінген тіндердің қалпына келуіне 
(регенерацияға) 
қажетті 
қабынуға 
қарсы 
медиаторлар 
өндіреді. Сондықтан пролиферация дамуында макрофагтарға 
негізігі орын беріледі.
Пролиферацияны 
сергітетін 
және 
тежейтін 
қабыну 
медиаторлары болады. 
Сергітетін медиаторларға: 
● эпидермистің өсу факторы, жасуша мембраналарындағы 
тирозинкиназалық 
рецепторларды 
әсерлеп, 
эпителий 
жасушалары мен фибробластардың өсіп-өнуін сергітеді; 
● 
өзгерген 
α-өсу 
факторы, 
тирозинкиназалық 
рецепторлар арқылы әсер етеді; 
● 
тромбоциттердің 
өсу 
факторы, 
тромбоциттерде, 
макрофагтарда, эндотелий жасушаларында, тегіс салалы ет 


300
жасушаларында өндіріледі және фибробластардың, тегіс ет 
жасушаларының, моноциттердің өсіп-өнуін сергітеді;
● 
фибробластардың 
өсу 
факторы, 
әсерленген 
макрофагтарда өндіріледі де, фибробластардың өсіп-өнуін 
және жаңа қан тамырлары өсуін арттырады; 
● эндотелийдің өсу факторы, эндотелий жасушаларының 
өсіп-өнуін арттырып, жаңа қан тамырлары өсуін сергітеді; 
● 
интерлейкин-1, 
макрофагтарда 
өндіріледі, 
Т-
лимфоциттерінің өсіп-өнуін арттырады.
Сонымен пролиферация белгілі бір мөлшерде болуы 
қажет. Онын тым артық болуы ағзаның сыртқы пішінін 
өзгертетін және қызметін бұзатын артық тыртық тіннің 
өсіп-өніп 
кетуіне 
әкеледі. 
Осыдан 
полиартриттердің 
нәтижесінде буындардың сыртқы пішіні бұзылады. Бұл 
әсіресе жүрек қақпақшаларының, ми қабықтарының қабынуы 
кездерінде өте қауіпті. Сондықтан қабыну ошағында дәнекер 
тіні жасушаларының өсіп-өнуі белгілі мөлшерде шектеліп 
тұруы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет