Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы. Қабыну медиаторлары венулалардың эндотелий жасушаларына
әсер
етіп,
олардың
қабықтарында
жабыстырғыш
молекулалардың түзілуін арттырады. Осыдан эндотелий
жасушалары
мен
қандағы
лейкоциттердің
өзара
әрекеттесулері басталады да, артынан лейкоциттер жасуша
аралық заттармен әрекеттеседі.
Лейкоциттер ұсақ тамырлардың ішкі қабаты бойында
тізбектеліп орналасады, эндотелий жасушаларына жабысады.
Эндотелий жасушалары өздеріне лейкоциттерді жабыстыратын
молекулалар бөліп шығарады. Оларға Е – және Р-
селектиндер мен иммуноглобулиндерге ұқсас адгезиялық
молекулалар жатады (5-сурет).
290 5-сурет. Селектиндердің әсерленуі.
Бұл жабыстырғыш (адгезиялық) молекулаларға жасуша
ішілік жабыстырғыш молекула – ICAM-1, ICAM-2 (intercell
adgesion molecule – 1, 2), қан тамырлары жасушаларының
жабыстырғыш молекуласы – VCAM-1 (vascular cell adgesion
molecule – 1) жатады. Е-селектин тіндердің бүліністерінен
пайда болатын цитокиндердің әсерлерінен бірнеше сағаттан
соң эндотелий жасушаларының қабықтарында өндіріледі. Р -
селектин эндотелий жасушаларында ұдайы өндіріледі де,
олардың
іштерінде
жинақталады.
Қабыну
дәнекері
гистаминнің әсерінен бірнеше минөттің ішінде ол эндотелий
жасушаларының сыртқы беттеріне шығарылады.
6-сурет.
Лейкоциттердің
сыртқы
беттеріндегі
L-
селектин мен интегриндер.
Сонымен бірге лейкоциттердің сыртқы беттерінде L –
селектиндер
және
интегриндер
болады
(6-сурет).
Лейкоциттер L-селектинімен эндотелий жасушаларының Е-
және Р-селектиндерімен байланысудан олар тамырлардың ішкі
қабығының беттерінде домаланып, тербеліп тұрады. Осындай
құбылысты ағылшынша «роллинг» деп атайды (7-сурет).
291 7-сурет.
Лейкоциттердің
эндотелий
жасушаларының
беттерінде тербеліп тұруы.
Артынан
қабыну
медиаторларының
әсерлерінен
лейкоциттердің интегриндері әсерленіп, олардың жәрдемімен
эндотелий жасушаларының иммундық глобулиндерге ұқсас
адгезиялық молекулаларымен қатты жабысады. Содан
лейкоциттер тамырдың ішкі қабығына жармасып алады да,
өздерінің жалған аяқшаларын эндотелий аралық саңылау
арқылы тамыр сыртына шығарады. Артынан олар белсенді
қозғалыстар жасап, іштеріндегі құрылымдарын тамыр сыртына
өткізеді (8-сурет).
Бұл кезде эндотелий жасушалары лейкоциттерден шығатын
медиаторлардың әсерлерінен жиырылады. Содан эндотелий
жасушалары дөңгеленіп, арасындағы саңылаулары кеңиді.
Лейкоциттер шығып кеткен соң эндотелий жасушаларының
жанасуы қалпына келеді.
Эндотелий қабатынан өткен соң лейкоцитке тіректік
мембрана арқылы өтуі қажет. Бұл мембрананың қалыңдығы
40-60 нм және ол гликозамингликандары көп біркелкі зат
пен коллаген талшықтарынан тұрады. Әртүрлі ядролы
лейкоциттер тіректік мембрана арқылы өту кезінде оған
өздерінің
ферменттерімен
(эластаза,
коллагеназа,
гиалуронидаза) әсер етеді. Олар көрсетілген мембрананың
молекулалық
құрылымын
өзгертіп,
оның
өткізгіштігін
жоғарылатады. Бұл үрдісте ферменттерден басқа катиондық
нәруыздарда белгілі қызмет атқарады.
8-сурет. Лейкоциттердің тамыр сыртына шығу кезеңдері.
292 Лейкоциттердің тамыр сыртына шыққан соң қабыну
ошағында қозғалуы байқалады. Бұл хемотаксис құбылысымен
түсіндіріледі.