Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет245/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Фагоцитоздың бұзылыстары. 
Жоғарыда 
келтірілген 
деректерге 
байланысты 
фагоцитоздың бұзылыстары туа біткен (тұқым қуалайтын) 
және жүре пайда болған –деп екіге ажыратылады.
Туа біткен фагоцитоздың бұзылыстары
әртүрлі гендердің 
ақаулары нәтижесінде: 
● лейкоциттердің адгезиясы бұзылуынан; 
● хемотаксис құбылысының ауытқуларынан
● бактерия жойғыш жүйелердің ақауларынан – байқалады. 
Лейкоциттердің адгезиясы бұзылуының
тұқым қуатын екі 
түрі белгілі. Олар интегриндердің ақауларынан немесе Е- 
және Р- селектиндермен байланысатын көмірсулық заттардың 
(лигандаларының) ақауларынан болуы мүмкін. 
Хемотаксистің ауытқулары: 
♣ химиялық тартқыштардың жеткіліксіз өндірілуінен; 
♣ лейкоциттердің іштеріндегі майда талшықтар мен 


297
түтікшелердің ақауларынан – дамуы ықтимал. Бұл кезде 
олардың қимыл-қозғалыстарының бұзылыстары болып, «жалқау 
лейкоциттер» немесе Чедиак-Хигаши синдромы дамиды. 
Фагоциттердің бактерия жойғыш жүйелерінің ақаулары
мына жағдайларда: 
♣ 
НАДФН-оксидаза 
ферментінің 
гендік 
ақауынан 
оттегінің бос радикалдары өндірілуінің бұзылуы; 
♣ катиондық нәруыздардың ақауы; 
♣ лизосомалық ферменттердің төмен белсенділігі – 
кездерінде байқалады. 
Жүре пайда болған фагоцитоздың бұзылыстары: 
қантты диабет;
♣ ауыр металдармен улану; 
♣ сәулесоқ ауру; 
♣ тамақ құрамында нәруыздар жетіспеуі
♣ стероидтық гормондармен ұзақ емдеу; 
♣ қартаю, т.б. – кездерінде лейкоциттердің адгезиясы, 
хемотаксис, бактерицидтік жүйенің бұзылыстарынан дамиды. 
Бұл келтірілген жағдайлардың барлығында фагоцитоз 
аяқталмаған болады және жұқпалардың бүкіл денеге жайылып, 
тарап кетуі байқалады. Бұндай жағдайларда адам әртүрлі 
жұқпаларға жиі ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет