Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Қабынуды емдеудің жалпы патогенездік негіздері



Pdf көрінісі
бет253/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
Қабынуды емдеудің жалпы патогенездік негіздері.
● қабыну туындатқан себепкер ықпалдармен күресу, оны 
аластауға тырысу; жұқпаларға қарсы бактерияларды жоятын 
дәрі-дәрмектер қолдану керек; 
● қабыну ошағындағы микроциркуляциялық бұзылыстарды 
қалпына келтіру; осы мақсатта әртүрлі қыздыру (құрғақ 
қыздыру), 
физиотерапия 
тәсілдері 
қолданылады. 
Микроциркуляцияның жақсаруына байланысты зат алмасуларының 
бұзылыстары түзеледі, қабынудың жазылуы жылдамдайды; 
● қабыну медиаторларының әсерлерін шектеу; ол үшін 
медиаторлардың 
түзілуіне 
қажетті 
ферменттерді 
(гистидиндекарбоксилаза, 5-окситриптаминдекарбоксилаза т. 
б.) тежеп, қабыну дәнекерлерін ыдырататын ферменттерді 
(гистаминаза т. б.) сергіту қажет. Простагландиндердің 
түзілуін шектеу. Осы мақсатта қабынуға қарсы стероидтық 
емес дәрі-дәрмектер (салицилаттар), стероидтық гормондар 
қолданылады; 
● жасушалардың, әсіресе лизосомалардың мембраналарын 
тұрақтандыру қажет; ол үшін әртүрлі антиоксиданттар, 
витаминдер, стероидтық гормондар т. б. пайдаланылады
● қан ұю жүйесін реттеу, фибринолизді арттыру; гепарин 


307
қан ұюын тежеп, тромб құрылуын азайтады, гистаминді 
байланыстырып қабынуға қарсы әсер етеді
● иммундық жүйе қызметін ретке келтіру; ол үшін 
иммундық модуляторлар қолданылады; 
● іріңді қабыну болса хирургиялық тәсілмен іріңді жару 
қажет; 
● организмнің уыттануымен күресу (гемодез, полидез, 
энтеродез т. б. сүйықтар негізу) бауырдың, ішектердің 
қабыну кездерінде үлкен орын алады. 
Қорыта келгенде, қабынуды емдегенде бұл үрдістің 
қарама-қайшылықты мәнін естен шығармау керек. Сондықтан 
бүліну үрдістерін шектеп, аластаумен бірге, қорғаныстық 
икемделістік үрдістерді арттыру қажет. Пролиферацияның 
маңызды икемделістік мәні болғандықтан оны арттырудың 
созылмалы қабынулар кездерінде маңызы өте үлкен. Ол үшін 
организмде нәруыздар түзілуін арттыратын дәрілерді (фолий 
қышқылы, витамин В
)2
), анаболизмдік гормондарды енгізу 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет