Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


-сурет. Созылмалы қабыну кезіндегі макрофагтардың  маңызы.  Жергілікті қабыну мен жалпы организмнің байланысы



Pdf көрінісі
бет252/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

305
-сурет. Созылмалы қабыну кезіндегі макрофагтардың 
маңызы. 
Жергілікті қабыну мен жалпы организмнің байланысы.
Қабыну жергілікті үрдіс бола тұра жалпы организмге 
әсер етеді. Осының нәтижесінде: 
● қанда лейкоциттердің саны көбейеді; 
дене қызуы көтеріледі
● иммундық жүйенің өзгерістері байқалады; 
● қабынудың жіті даму сатыларына тән нәруыздар (α-
антитрипсин, С-реактивті нәруыз т. б.) түзіледі. 
Сонымен бірге біртектес дерттік үрдіс ретінде қабыну 
өзінің мәні бойынша қарама-қарсы үрдіс. Онда организмнің 
қорғану күштері мен бүліну құбылыстары тығыз байланысқан. 
Организм өзіне зиянды әсер ететін заттардан қабыну ошағын 
оқшаулау арқылы қорғанады. Бұндай әсер зиянды заттарға 
қарсы 
күресті 
бір 
жерде 
шоғырландырып, 
қабыну 
зардаптарының организмге тарап, шашырап кетуінен сақтайды. 
Қабыну ошағы өзіндегі барлық заттарды ұстап қана қоймай, 
қандағы айналып жүрген уытты заттарды сорып алады. Бұл 
қабыну ошағының айналасында өзіне тән бір бағытта ғана 
өткізетін тосқауылдың қалыптасуынан болады. Ол алдымен 
ошақтан шығатын лимфа мен қан тамырларын бітеу және тамыр 
сыртындағы тасымалдануды бөгеу арқылы жүзеге асады. 
Артынан бұл тосқауыл дәнекер тін жасушаларының көбеюімен 


306
толық 
қалыптасады. 
Тәжірибеде 
стрихининнің 
қалыпты 
жағдайда жануарлардың өліміне әкелетін өлшемін қабыну 
ошағына 
енгізгенде, 
одан 
жануарлар 
тірі 
қалатыны 
байқалған. 
Қабыну 
ошағында 
микроорганизмдердің 
тіршілігіне 
қолайсыз жағдай пайда болады. Бұл кезде фагоциттер, арнайы 
антиденелер, сонымен қатар ыдырататын ферменттер мен 
катиондық нәруыздар бактерияларды жоятын қызмет атқарады. 
Қабынудың қорғаныстық жағы пролиферация мен регенерация 
сатыларында басымырақ көрінеді. 
Осы көрсетілгендердің бәрі қабынудың тек бір (жақсы) 
жағын ғана көрсетеді. Екінші жағымсыз жағы, ол қабыну 
әрқашан ағзалар мен тіндердің бүліністеріне әкеледі. 
Қабыну 
ошағында 
зиянды 
әсерлермен 
күрес 
меншік 
жасушалардың тіршілігін жоғалтуымен қабаттасады. Кейбір 
жағдайларда әлтерация басым болады да, тіннің немесе жалпы 
организмнің жарық дүниеден қайтуына әкеледі. Эксудация көп 
болғанда 
тіннің 
қоректенуі 
бұзылуына, 
ферменттердің 
ыдырауына, гипоксияға және жалпы организмнің уыттануына 
әкелуі мүмкін. Дәнекер тіндердің өсіп-өнуінен ұлпа 
жасушаларының орны басылып, ағзалардың беріш болып қатып 
қалуы (склероз), олардың қызметтері бұзылуына әкеледі. 
Қабынудың өтуі жалпы организмнің иммундық, жүйкелік, 
эндокриндік 
жүйелерінің 
жағдайларына 
байланысты. 
(организмнің реактивтілігін қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет