Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет244/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

оттегіге тәуелді 
және
 
екінші жолы 
оттегіге тәуелсіз 
болады. 
Оттегіге тәуелді бактерия жоятын әсер
оттегінің 
белсенді бос радикалдарының құрылуы арқылы іске асады. 
Бұл радикалдар фагоциттердің бактерияға жабысуынан кейін 
өндіріле бастайды. Әдетте фагоциттер қызмет атқару үшін 
анаэробтық 
гликолиз 
жолымен 
түзілген 
энергияны 
пайдаланады. Ал, фагоциттер желінетін затпен жабысқаннан 
кейін оттегіні тым артық пайдалана бастайды. Осындай 
құбылысты «
тыныстық жарылыс»
деп атайды. Оның дамуы НАДФН 
- оксидаза ферментінің белсенділігі артуымен байланысты 
болады. Осыдан оттегінің молекуласы НАДФН молекуласынан 
бір электронды қосып алады да, супероксиданион радикалға 
айналады. Бұл кезде глюкозаның гексозомонофосфаттық 
жолмен тотығуы артады да, НАДФН-тың кемістігі толтырылып 
тұрады. 
Супероксиданион 
радикалдың 
біршамасы 
супероксиддисмутаза 
ферментінің 
қатысуымен 
сутегінің 
асқын тотығына (Н
2
О
2
) айналады. Ол валенттігі өзгеріп 
тұратын металдардың (Fe, Cu) қатысуымен супероксид 
радикалымен 
әрекеттесіп, 
өте 
белсенді 
гидроксил 
радикалына (ОН 
• 
) айналады. Бұлар фагосоманың ішінде 
құрылады және бактериялардың қабықтарын бүлдіретін әсер 
етеді. Осы жолмен фагоциттердің барлық түрлері желінген 
бактерияларды жояды. 
Оттегіге тәуелсіз бактерия жоятын әсер
нейтрофилдер 
мен 
эозинофилдерде 
болады. 
Нейтрофилдердің 
лизосомаларында 
миелопероксидаза, 
эозинофилдерде 
пероксидаза ферменттері өте күшті бактерия жойғыш әсер 
етеді. Бұл ферменттер моноциттер мен макрофагтарда 
болмайды. 
Миелопероксидаза (МПО) нейтрофилдердің азурофилдік 
түйіршіктерінде болатын фермент. Ол галоген иондарымен 
(жиі хлор ионымен) сутегінің асқын тотығының әрекетесуін 
қамтамасыз етеді де, гипохлорид анионы (OCl 
‾ 
) түзілуіне 


296
әкеледі. Ол өзбетінше бактерицидтік әсер етеді немесе 
аммониймен, аминдермен байланысып, бактерицидтік әсер 
ететін хлорамин түзеді. 
Бактерияларды 
жоятын 
бұл 
әсерде 
фагоциттердің 
лизосомаларында 
(пероксисомаларында) 
болатын 
бактерицидтік 
заттардың 
фагосоманың 
ішіне 
түсуінен 
дамиды.
Осылармен қатар нейтрофилдерде басқа да бактерицидтік 
заттар болады. Оларға азурофилдік түйіршіктерінде болатын 
ұсақ молекулалы дефенсиндерді, арнайы түйіршіктердегі 
лизоцимді, микробтардың өсіп-өнуін тежейтін нәруыздарды 
(мәселен, олардың тіршілігіне қажетті темір ионын 
байланыстыратын лактоферинді) келтіруге болады.
Макрофагтардың бактерицидтік әсері оттегінің бос 
радикалдарымен 
және 
азоттың 
сыңар 
тотығының
(нитроксидтің) қатысуымен байқалады. Оларда өндірілетін 
гамма-интерферон, өспелерді жоятын фактор, интерлейкин-1 
т.б. цитокиндердің әсерлерінен NO-синтаза ферментінің 
белсенділігі артады. Содан нитроксид (NO) түзілуі 
көбейеді. 
Ол 
өспе 
жасушаларының, 
бактериялардың, 
вирустардың 
өсіп-өнуін 
тежейді. 
Өйткені 
нитроксид 
нәруыздар мен нуклеин қышқылдары түзілуіне қажетті 
көптеген ферменттердің белсенділігін азайтады. Нитроксид 
супероксиданион 
радикалмен 
байланысып, 
пероксинитрит 
құрады. Ол жасушаларға уытты әсер ететін бос радикалдарға 
(OH 
• 
, NO 

) ыдырайды. 
Фагоциттердің ішінде кейбір микробтар тіршілігін 
жоғалтпайды. 
Мәселен, 
туберкулез 
таяқшалары 
сыртқы 
қапшықтарымен және фагоциттің цитоплазмасымен қоршалып
микробқа қарсы ықпалдардан оқшауланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет