288
ісініп, өзара ретсіз шоғырланып қалады. Олар тамыр
ішінде баяу жылжиды немесе ұсақ тамырларда топталып
тұрып қалады.
Веналық
гиперемия
көптеген
ықпалдардың
әсерлерінен
дамиды. Солардың ішінде қан қоюлануы, зритроциттердің
өзара жабысуы, көктамырларда қан қатпалары пайда болуы
т.б. ықпалдар маңызды орын алады.
Ары қарай стаз алды жағдай және стаз дамиды. Стаз
алды жағдай дамуымен қан қозғалысы тербелмелі түр
қабылдайды. Жүрек систоласы кезінде ол артериялардан
венаға қарай қозғалса, диастоласы кезінде — кері бағытта
қозғалады. Соңында қан қозғалысы толық тоқтайды, стаз
дамиды (Шеткері қанайналым бұзылыстарын қараңыз).
Веналық гиперемия мен стаз қабыну дәнекерлерін,
микробтар мен олардың уыттарын қабыну ошағында жинап,
жалпы қан айналымға түсірмейді. Егер олар жүйелік қан
айналымға тарап кетсе, онда организмде көптеген дерттік
өзгерістерге әкелетіні сөзсіз. Бұл кездерде қан
сұйығының және лейкоциттердің тамыр сыртына шығуына
қолайлы жағдай пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: