282
Серотонин қабынудың келесі жасушалық медиаторы болып
саналады. Ол адамда тромбоциттерде, ішектің шырышты
қабығының қою боялатын жасушаларында, сонымен қатар мидың
кейбір құрылымдарында болады. Жасушалардың бүлінуі
кезінде серотонин сыртқы ортаға шығып, тамырлардың
өткізгіштігін жоғарылатады.
Мес жасушалары мен базофильдерден гепаринде босайды.
Ол қылтамырлардың ішкі қабатында фибриннің құрылуына
бөгет жасайды, қан ұюын тежеп, гистаминді байланыстырып,
қабынуға қарсы ықпал етеді.
Фагоциттердің
катиондық
нәруыздары
тамыр
қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, зат алмасуды
күшейтеді және бактерияларды жоятын әсер етеді.
Цитокиндер макрофагтарда, лимфоциттерде өндірілетін
пептидтер қабыну медиаторларына жатады. Қабыну кезінде
макрофагтардың миграциясын тежейтін фактор, макрофагтарды
әсерлендіретін
фактор,
хемотаксистік
фактор,
интерлейкиндер мен интерферондар, әртүрлі өсу факторлары
өте маңызды орын алады (пролиферацияны қараңыз).
Көптеген организм жасушаларында қабыну дамуында үлкен
маңызы
бар
зат
—
простагландиндер.
Олар
жасуша
мембраналарының
фосфолипидтерінен
құрылады
(11-
сызбанұсқа). Көрсетілген кестеде простагландиндер мен
лейкотриендердің
түзілу
жолдары
келтірілген.
Простагландиндердің
барлықтары
қабыну
медиаторлары
болады,
қан
тамырларын
кенітеді,
жалқық
шығуына
(экссудацияға), хемотаксиске әкеледі, қан ұю үрдістерін
кёйде қарама-қарсы бағыттарда өзгертеді. Олардың әсерлері
(12-сызбанұсқа) жиналу мөлшеріне, қабыну сатыларына,
жағдайларына және өзге де басқа медиаторлардың қатысуына
байланысты болады.
11- сызбанұсқа
Достарыңызбен бөлісу: