Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Эндогендік эмболиялар. Тромбэмболия



Pdf көрінісі
бет234/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Эндогендік эмболиялар. Тромбэмболия.
Қан тамыры ішінде 
орналасқан қан қатпасының бір бөлшегі үзіліп, тромбэмболия 
дамуына әкелуі ықтимал. Мәселен, аяқтың көктамырлары 
қабынып, ішінде тромб пайда болғанда (тромбофлебит), оның 
бір бөлшегі үзіліп оң жақ жүрекке, одан өкпе артерияларына 
түсуі мүмкіншілігі болады. Содан өкпеде инфаркт дамиды, 
тыныс алу бұзылады. Оң жақ жүрекше мен қарынша аралық 
қақпақшалардан үзілген тромб өкпе артериясының, сол жақ 
жүрек қуысындағы (эндокардит, аневризма кездерінде) немесе 
артериялардағы 
тромбтар 
үлкен 
қанайналым 
шеңбері 
тамырларының эмболиясына әкеледі. 
Май эмболиясы 
май талшылықтарының қан тамырларына 
түсуінен дамиды. Бұл эмболия жіліншік сүйектердің жаншылып 
сынған кезінде жиі байқалады. Өйткені сүйек кемігінде 
қантамырларының қабырғалары сүйек перделеріне жабысқан. 
Сондықтан олар жарақат кезінде жабылмай ашық тұрады. Осы 
ашық тамыр саңылаулары арқылы жіліншік майы жеңіл өтіп 
кетеді. Май эмболиясы көктамырлармен өкпе артерияларына 
өтеді. Кейде майдың ұсақ тамшылары өкпе қылтамырларынан 
өтіп, үлкен қанайналым шеңберіне түседі. 
Тіндік эмболия 
қатты жаншылып, жарақаттанған ағзалардың 
тіндері, өспе жасушалары тамыр ішіне түсуден дамиды. 
Эмболдардың орналасқан жеріне қарай: кіші қанайналым 
шеңберінің 
эмболиясы, 
үлкен 
қанайналым 
шеңберінің 
эмболиясы, қақпа көктамырларының эмболиясы деп үш топқа 
ажыратылады. 
Кіші 
қанайналым 
шеңберінің 
эмболиясы. 
Өкпе 
артерияларының ұсақ тармақтарының көптеген эмболдармен 
бітелуі, жекеленген ірі тармақтардың бітелуіне қарағанда
тым ауыр өтеді. Өкпе артерияларының эмболиясы кезінде 
олардың іштеріндегі рецепторлардың қоздырылуынан жүйкелік-
рефлекстік жолмен шеткері тамырлардың кеңуіне әкелетіні 
байқалған. Бұл рефлекстің белгілі мөлшерде қорғаныстық 
маңызы болады. Осы рефлекс бойынша өкпеге келетін қанның 
мөлшері 
шектеледі. 
Содан 
өкпенің 
ісініп 
кетуінен 


274
сақтандырады. 
Бірақ 
өкпеде 
газдардың 
алмасуы 
бұзылғандықтан жүрек етінің гипоксиясы дамып, оның 
жиырылғыштық қызметі әлсірейді, артериялық қысым қатты 
төмендейді, коллапс дамиды. Кіші қанайналым шеңбері 
тамырларында эмбол тұрып қалғанда, өкпе артериолаларының 
рефлекстік жиырылуы болады, өкпе артерияларында қан қысымы 
көтеріледі. Бұл өз алдына оң жақ жүректің қызметін 
ауырлатады, қуыс т. б. ірі көктамырларда қанның іркілуіне 
және оларда қан қысымы көтерілуіне әкеледі. 
Осыдан оң қарыншаның тез дамитын жеткіліксіздігі, 
жүрекке ағып келетін қан көлемі және жүрек шығарымы 
азаяды, организмнің өліміне әкелетін жалпы қанайналым 
жеткіліксіздігі 
дамиды. 
Сонымен, 
кіші 
қан 
айналым 
шеңберінде эмболия болғанда өкпеде ауа алмасу және онда 
қан айналым бұзылғандықтан тыныстық гипоксия дамиды. Оған 
организмде жалпы қан айналым бұзылуынан циркуляциялық 
гипоксия қосылады. Осыдан келіп қанда оттегі азайып, көмір 
қышқыл газы көбейеді, ентік дамиды. 
Үлкен қанайналым шеңберінің эмболиясына сол жүрек 
ішіндегі 
(тромбэндокардит, 
миокард 
инфаркты) 
және 
артериялардың ішінде құрылған тромбтар, газ немесе май 
эмболиялары 
жиі 
әкеледі. 
Бұл 
эмболдар 
жүрек 
артерияларында, ми, бүйрек, көкбауыр т. б. ағзалардың 
тамырларында жиі орналасады. Содан осы ағзаларда ишемия, 
инфаркт дамиды. 
Қақпалық көктамырдың эмболиясы сирек кездеседі. Бұл 
көктамырдың эмболмен бітелуі іш қуысы ағзалары (асқазан, 
ішектер, көкбауыр) тамырларында қан іркілуіне, қан 
қысымының көтерілуіне әкеледі. Осыдан іш шемені, іш 
терісінің астындагы көктамырлардың кеңуі, көкбауырдың 
ұлғаюы байқалады. Көп қан, мөлшермен бар қанның 90%-ы іш 
қуысы ағзаларының көктамырларында жиналып қалуынан, жалпы 
айналымдағы 
қан 
көлемі 
азаяды, 
артериялық 
қысым 
төмендейді, тыныс алу бұзылады, естен тану, тыныстық және 
қантамырларының 
қимылдық 
орталықтарының 
салдануы 
байқалады, осыдан организмнің жан тапсыруы болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет