Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ВЕНАЛЫҚ ТРОМБОЗДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет232/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ВЕНАЛЫҚ ТРОМБОЗДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ.
Веналық тромбоздын клиникалық түрлеріне: тамыр ішіндегі 
шашыранды қан ұю синдромы (ТШҚҰ-синдромы), туа біткен 
антитромбин III, С және S нәруыздарының тапшылықтары 
жатады. 
ТШҚҰ-синдромы дамуының негізінде қан ұюының «сыртқы» 
немесе «ішкі» жолдарының артық әсерленуі орын алады. 
Хирургиялық 
әрекеттерден 
және 
жарақаттардан 
кейінгі 
тіндердің ауыр бүліністері, септицемияның нәтижесінде қан 
жасушаларының, әсіресе нейтрофильдердің, бүліністері жиі 
ТШҚҮ-синдромын туындатады. Бұл екі жағдайда да қан үюының 
«сыртқы» жолының белсенділігі артуы маңызды. 
ТШҚҰ-синдромы дамуында 4-сатыны ажыратады: 
● қан ұюдың түйісу (ХII ф.) факторларының белсенділігі 
артуынан немесе қанда белсенділігі көтерілген тіндік 
тромбопластиннің пайда болуынан гиперкоагуляция даму 
сатысы; 
● гиперкоагуляция кезінде қан ұю факторлары мен 
тромбоциттердің 
тым 
артық 
пайдаланылуынан 
олардың 
жеткіліксіздігі дамып, ауыр тұтынулық гипокоагуляция даму 
сатысы; 


272
● фибринолиз тым артық болуынан фибриногеннің қоры 
таусылуына 
байланысты 
қан 
плазмасында 
фибриногеннің 
жоғалуы және мезгіл-мезгіл толық фибринолиз даму сатысы
● қан ұюының біртіндеп қалпына келу сатысы. 
Антитромбин III - тапшылығы. 
Антитромбин-III-тің туа 
біткен 
тапшылығы 
көптеген 
көктамырлардың 
бітелуіне 
әкелетін, веналық (кейде артериялық) тромбоз байқалады. 
С және S нөруыздарының тапшылығы. 
Бұл дерттің тұқым 
қуатын гетеро және гомозиготтық түрлері әдебиеттерде 
жазылған. Жаңа туған нәрестелерде ауыр ТШҚҰ-синдромы 
артериолалардың 
тромбозымен, 
терінің 
геморрагиялық 
инфарктымен қабаттасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет