Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Қабынулық жалқықтың (эксудаттың) ісінулік сұйықтан



Pdf көрінісі
бет246/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Қабынулық жалқықтың (эксудаттың) ісінулік сұйықтан 
(трансудаттан) айырмашылықтары. 
 
Сонымен қорыта келгенде, қабыну ошағында жиналатын 
жалқықтың құрамында тамырдан шыққан сұйық, қан сұйығының 
нәруыздары мен электролиттері, қан жасушалары кіреді. Сол 
себептен қабынулық жалқықтың (эксудаттың) құрамында, 
ісінулік сұйыққа (трансудатқа) қарағанда, нәруыздар (2 
пайыздан астам) көп болады. Егер тамыр қабырғаларының 
өткізгіштігі аз бүлінген болса, онда экссудатта негізінен 
әлбуминдер мен глобулиндер ғана болады. Өткізгіштігі 
қатгы көтерілген болса, онда қан плазмасынан тінге кесек 
молекулалық фибриноген шығады. Бұл кезде қан тамырларынан 
жасушалар 
да 
(эритроциттер 
мен 
лейкоциттер) 
шыға 
бастайды. 
Сонымен бірге эксудатқа шыққан лейкоциттердің және 
жергілікті 
тін 
жасушаларының 
ыдырауынан 
көптеген 
ферменттер босап шығады. Сондықтан іріңді эксудатта 
протеолиздік, амилолиздік, липолиздік ферменттер болады. 
Эксудаттың меншікті тығыздығы (1,016-1,020) трансудаттан 
(1,004-1,010) жоғары болады. 
Эксудаттың түрлері. 


298
Қабыну ошағына шыққан жалқықтың бірнеше түрлерін 
ажыратады: 
● 
Сірнелі (серозды) жалқық
терінің, сірі қабықтардың 
қабынуларының бастапқы сатыларында пайда болады. Мәселен, 
күйік, вирустық жұқпалар, аллергиялық қабыну кездерінде 
байқалады. Оның құрамында 2-3%-дай нәруыздар (негізінен 
әлбуминдер), аз мөлшерде лейкоциттер және су болады. Түсі 
сарғыштау, мөлдір болады. 
● 
Шырышты (катаралдық) жалқық
тыныс алу жолдарының
ішек-қарынның шырышты қабықтары қабынғанда пайда болады. 
Оның құрамында мукополиқанттар мен гликопротеидтерден 
тұратын шырыш, сөлденістік IgA, лизоцим көп болады. 
● 
Іріңді жалқық
ірің туындататын (стрептококктардың, 
стафиллококк- 
тардың, 
пневмококктардың 
т.с.с.) 
бактериялардың әсерлерінен пайда болады. Оның құрамында 
іріңдік денешіктер (бүлінген нейтрофилдер), микробтар, 
бүлінген тін жасушалары т.б. болады. Іріңде бүлінген 
жасушалардан 
босаған 
гидролиздік 
ферменттер 
көп 
болғандықтан, олар айналасындағы сау тіндерді ыдыратып 
жібере алады. 
● 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет