Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет235/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

275
Қабыну
Қабыну 
(лат.- inflamatio, грек.— рһlоgоsіs) - 
деп 
жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті 
бүлінуге 
жауап 
ретінде 
дамитын, 
микроциркуляциялық 
арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш 
әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді бастапқы қалпына 
келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін 
біртектес дерттік үрдісті түсінеді.
Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықтармен дамиды және 
алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. 
Қабынудың 
дамуында 
жергілікті 
тетіктер 
жүйкелік-
эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ 
байқалады. 
Бірақ 
қабыну 
басқа 
біртектес 
дерттік 
үрдістермен 
(дене 
қызуымен, 
аллергиямен, 
стреспен, 
иммундық серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан 
организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін 
көрсетеді. 
Өту қарқынына қарай оны жіті және созылмалы қабыну – 
деп ажыратады. 
Жіті қабыну 
Қабынудың клиникалық көріністері көне заманнан белгілі. 
Оларды Цельс пен Гален біздің дәуірімізге дейін жазып 
қалдырған. Оларға: 
● домбығу (tumor); 
● қызару (rubor); 
● қызымы көтерілуі (сalог); 
● ауыру (dolor); 
● қызметінің бұзылуы (functio Іаеsа) - жатады. 
Этиологиясы. 
Қабыну туындатқан себебіне қарай: 
● инфекциялық; 
● бейинфекциялық - болып ажыратылады.
Қабыну туындататын барлық ықпалдар экзогендік (сыртқы) 
және эндогендік (ішкі) болып екі топқа бөлінеді.
Сыртқы ықпалдарға: 
● 
биологиялық 
ықпалдар 
(бактериялар, 
вирустар, 
аутоантиденелер, қарапайым жәндіктер, құрттар); 
● химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер); 
● механикалық ықпалдар (бөгде денелер, жарақат, қысым) 
● физикалық ықпалдар (суық, ыстық температуралар, 
радийбелсенді, ультракүлгін және рентген сәулелері) - 
жатады. 
Қабынуды туындататын организмнің ішкі ықпалдарына: 
● тромбоз; 
● қан құйылу; 


276
тас байлану
● иммундық серпілістер; 
● бос радикалдар; 
уытты зат алмасу өнімдері
● микроциркуляцияның, зат алмасуларының бұзылыстары т. 
т. жатады. Қабынудың этиологиясында себеп-салдарлық 
арақатынастың бір көрінісі ретінде иммундық немесе 
аутоиммундық құбылыстардың әсерін келтіруге болады. 
Сыртқы орта ықпалдарының әсерлерінен организмде әртүрлі 
ағзалардың тіндерінде аутоантигендер пайда болып, оларға 
қарсы аутоантиденелер мен Т-жендет жасушалар өндірілуі 
қабынудың бірден бір маңызды себебі болады. 
Әлеуметтік орта қүбылыстарының әсерлерінен дамитын 
жандүниелік күйзелістер, көңіл-күйлік ауыртпалықтар да 
қабынудың себебі болуы ықтимал. Олар қан айналым 
бұзылыстарына, 
зат 
алмасудың 
өзгерістеріне 
(май 
қышқылдарының асқын тотығуына) әкеліп, кейде тіпті 
әдеттегі қоздырғыштарға жергілікті ағзаның (асқазанның, 
жүректің т. б.) төзімділігін әлсіретуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет