Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ГАЗДЫҚ ЕМЕС (МЕТАБОЛИЗМДІК) АЦИДОЗ



Pdf көрінісі
бет196/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ГАЗДЫҚ ЕМЕС (МЕТАБОЛИЗМДІК) АЦИДОЗ.
Газдық емес ацидоз қышқылдық-сілтіліік үйлесімділіктің 
ең жиі және ауыр түрде кездесетін бұзылыстарына жатады. 
Оның негізінде деммен шығарылмайтын қышқыл өнімдердің 
(ацетосірке, сүт т.б.қышқылдардың) организмде жинальш 
қалуы немесе буферлік негіздердің организмнен тым артық 


227
шығарылуы жатады. 
Бұл ацидоз мынадай себептерден дамуы ықтимал: 
● қышқылдардың сырттан организмге көп түсуінен 
(салицилаттармен, бор немесе сірке т. б. қышқылдармен 
уланғанда); 
● 
әртүрлі 
себептерден 
зат 
алмасу 
бұзылыстары 
нәтижелерінде толық тотықпаған өнімдер жиналып қалуынан. 
Метаболизмнің бұзылыстары: 
♣ әртүрлі себептерден болатын гипоксия кездерінде, 
♣ қанайналымы мен микроциркуляцияның бұзылыстарында, 
♣ ішке сөлденістік бездердің ауруларында (қантты 
диабет, гипертиреоз)
♣ ашығу, қол жұмысымен күштену кездерінде,
♣ бауыр қызметі жеткіліксіздігінде т. б. туа біткен 
немесе 
жүре 
пайда 
болған 
зат 
алмасудың 
көптеген 
бұзылыстарында байқалады. 
● қышқыл өнімдердің организмнен бүйрек арқылы сыртқа 
шығарылуының бұзылуынан (нефриттер, уремия) 
● ас қорыту жолдарының сілтілік сөлдерімен немесе 
несеппен көп сілтілердің организмнен артық шығарылуынан 
(іш өту, ішектер тесілуі, бүйрек үсті бездерінің 
жеткіліксіздігі т. с. с.). 
Газдық емес ацидозды метаболизмдік ацидоз деп жиі 
атайды. Метаболизмдік ацидоз газдық емес ацидоздың бір 
түрі ғана екенін жоғарыда келтірілген, пайда болу 
себептерінен көруге болады. Сол себептен газдық емес 
ацидоз пайда болу себептеріне қарай үш түрге ажыратылады: 
♣ экзогендік, қышқылдардың сырттан организмге көп 
түсуінен дамитын; 
♣ сыртқа шығарылулық, қышқылдардың сыртқа шығарылуы 
азаюдан дамитын; 
♣ метаболизмдік, зат алмасуларының бұзылыстарынан 
дамитын - газдық емес ацидоз делінеді. 
Метаболизмдік ацидоз кетоацидоз, лактатацидоз, басқа 
органикалық және бейорганикалық қышқылдардың денеде 
жиналып қалуынан дамитын болып ажыратылады. Кетоацидоз 
май алмасуының аралық өнімдері кетондық денелердің 
организмде түзілуі артқанда немесе олардың тотығуы 
тежелгенде байқалады. Бұндай жағдай: инсулинге тәуелді 
қантты диабет; ұзақ ашығу; бауыр қызметі жеткіліксіздігі; 
ішімдіктермен улану; қызба т.б. дерттер кездерінде 
кездеседі. 
Лактатацидоз организмде сүт қышқылы жиналып қалудан 
дамиды. Ол мына жағдайларда: гипоксия; қан айналымның 
жеткіліксіздігі; 
инсулинге 
тәуелсіз 
қантты 
диабет, 


228
өспелер дамуы; В
1
витамині тапшылығы; зат алмасуларының 
тұқым қуатын бұзылыстары т.с.с. кездерде байқалады. 
Басқа органикалық және бейорганикалық қышқылдар ауыр 
қабынулар, үлкен ауқымды күйіктер және жарақаттар, бауыр 
мен бүйрек қызметтерінің ауыр бұзылыстары кездерінде 
организмде жиналады да, газдық емес ацидоз дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет