Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет195/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

теңгерілген 
ацидоз
дейді. Ары қарай организмде СО
2
шамадан тыс артық 
жиналып 
қалуынан 
қанның 
буферлік 
қасиеті 
мен 
физиологиялық реттеу жолдары таусылады. Қанның реакциясы 
қышқылдық жаққа ығысады, рН төмендейді, 
теңгерілмеген 
ацидоз 
дамиды. Сонымен теңгерілген ацидоз кезінде рН –тің 
деңгейі қалыпты мөлшерде сақталады, ал теңгерілмеген 
ацидоз кезінде ол қалыпты мөлшерінен (7,35 –тен) 
төмендейді 
Газдық ацидоз ұзақ мерзім сақталса, онда көміқышқылы 
газының артықтығы организмде екіншілік бүліністерге 
әкелуі ықтимал. Бұларға мыналарды жатқызуға болады: 
♣ шеткері тіндерде майда артериолалардың қатты 
жиырылып қалуы. Осыдан: артериялық қан қысымы көтеріледі, 
жүрек қызметі ауырлайды, бүйректе несеп сүзілуі азаяды; 
♣ ми тамырлары, керісінше, кеңейеді. Содан бас сұйек 
ішінде қысым көтеріледі, қатты бас ауыруы болады
♣ кезбе нервтің қозымдылығы жоғарылайды. Сол 
себепті жүрек соғуы сиреп, ол тоқтап қалу қауіпі 
туындайды; 
♣ 
кеңірдекшелердің, 
әсіресе 
өзгерген 
кеңірдекшелердің (созылмалы бронхит, бронхиалық демікпе
өкпе эмфиземасы кездерінде) саңылаулары тарылады; 
♣ кеңірдекшелердің эпителий жасушалары көп тұтқыр 
қақырық 
шығарады. 
Оның 
жиналып 
қалуы 
майда 
кеңірдекшелердің тарылуын одан сайын үдетеді. Осылардың 
нәтижесінде тыныс алу қиындайды. Қанның оттегімен қанығуы 
төмендейді. Осыдан гиперкапния мен гипоксия одан сайын 
күшейеді. 
Газдық 
ацидоз, 
әдетте, 
организмде 
оттегінің 
жеткіліксіздігімен қабаттасады. Гипоксияның нәтижесінде 
зат алмасу үрдістерінің бұзылыстары дамып, газдық 
ацидозға метаболизмдік ацидоз қосылады. Бұл ацидоздың 
теңгерілмеген түріне ауысуын тездетеді. 
Газдық ацидозды емдеу ең алдымен өкпеде ауа алмасуын 
қалпына келтіруге және оның бұзылуын туындатқан себепкер 
ықпалдарды аластауға бағытталуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет