218
Марганецтің қандағы мөлшері орта есеппен 2,2 мкг% тең.
Марганецтің жеткіліксіздігі егеуқүйрықтарда,
құстарда,
шошқаларда
атабездердің
бүліністеріне,
ұрғашыларында
эстралдық оралымның бұзылуына, сүт өндірілуінің азаюына
және сүйектердің бүліністеріне әкеледі.
Марганецтің артық болуы орталық жүйке жүйесінің
қызметіне нүқсан келтіреді,
сол себептен паркинсонизм
ауруына әкеледі. Сонымен қатар темірдің сіңірілуі
қиындайды да анемия дамиды, бірақ тағамға темір қосу
арқылы бүл анемияның алдын алуға болады.
ЙОД АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ.
Йод қалқанша бездің гормондары —
тироксин және
трийодтирониннің құрамына кіреді. Йодтың организмдегі
мөлшері 12,6 мкг%, ал қанда 4,0 мкг%. Бұлар тіндердің
нәрленуіне әсер етеді. Йод, сонымен қатар сілекей,
асқазан бездерінде және сөл шығаратын
басқа ағзаларда да
болады. Йодтың сілекей және асқазан сөліне бөлінуінің,
оның организмде сақталуында, әсіресе ауыз су және тағамда
ол жеткіліксіз болғанда, маңызы өте зор. Йодтың сүтте көп
мөлшерде болуының балалардың тамақтануында маңызы жоғары.
Ядролық жарылыстардан соң сүттің радийбелсенді йодпен
ластануы қалқанша бездің иондағыш сөулелермен бүліну
қаупін тудырады. Өйткені, йод сүт безінде көп мөлшерде
жиналады.
Организмде йод жеткіліксіздігі
кезінде гипотиреоз,
эндемиялық зоб пайда болады. Йод жетіспеушілігі аймақтық
сипатқа жиі ие болады. Өйткені кейбір таулы аймақтарда
йод ауыз суында және топырақта аз болады. Балаларда йод
жетіспеуінен
ақыл-есінің дамуы нашарлап, меңіреулік
(кретинизм) дамиды.
ФТОР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
.
Фтордын қандағы мөлшері 17,2 мкг% болады. Фтор тіс
тіндерінің қальшты қызмет атқаруы үшін
қажетгі бөлшегі
болып табылады. Ауыз суында фтордын жеткіліксіздігі, яғни
0,5 мг/г төмен болуы тістердің бүлінуін, тіс жегісі
(кариес) дамуын туындатады.
Организмге фтордың артық мөлшерде түсуі
флюороздың
дамуына әкеледі. Ол қаңқа сүйектері мен тістердің
бүлінуінен, яғни остеопороз дамуы мен тіс кіреукесінің
теңбілденуімен көрінеді.
Топырақ
пен өсімдіктердің, химиялық тыңайтқыштардың
өндірілуі және топыраққа енгізілуі кезінде, фтормен
ластануының көбеюі, ас қорыту жүйесінде өспелердің дамуын
жиілететіні дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: