Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет180/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гиперфосфатемия 
деп қан сарысуында фосфор мөлшерінің 
4,5 мг%-дан немесе 1,45 ммоль/л-ден астам көбеюін айтады. 
Ол төмендегі жағдайларда байқалады:
● 
организмге фосфаттарды артық енгізгенде; 
● 
қалқаншасерік бездерінің гипофункциясы, гипертиреоз 


211
кездерінде 
фосфордың 
бүйрек 
өзекшелерінде 
бастапқы 
несептен қанға кері қайта сіңірілуі күшейеді;

бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде фосфордың 
несепке 
сүзілуі 
тежеледі, 
соның 
нәтижесінде 
гиперфосфатемия және гипофосфатурия пайда болады; 
● жасушалардың ( гепатоциттердің, эритроциттердің
миоциттердің 
т.б.) 
тым 
артық 
ыдырауынан, 
олардан 
фосфаттар мен калиийдің көп босап шығуымен байланысты 
дамиды.
Гиперфосфатемияның көріністері: 
● 
гипокальциемия. 
Ол 
гиперфосфатемия 
туындатқан 
гипопаратиреоздың 
немесе 
гипотиреоздың, 
тиреокальцитониннің әсерлерінен дамиды. Сонымен бірге 
қанда фосфаттардың деңгейі көтерілуі кальций иондарының 
сыртқа шығарылуын арттырады, олардың тіндерге ауысуын 
көбейтеді 
және 
ішектерде 
сіңірілуін 
бөгейді. 
Гиперфосфатемияның 
барлық 
көріністері 
осы 
гипокальциемияның нәтижесінде дамиды. 
● 
артериалық 
қан 
қысымы 
төмендейді. 
Өйткені 
гипокальциемиядан 
жүрек 
қызметінің 
әлсіреуі 
болып, 
жүректен шығатын қан көлемі азаяды.
Гиперфосфатемияны емдеу жолдары. 
● туындатқан себепкер ықпалды емдеу
● изотониялық ерітінділер, қан плазмасын немесе 
плазманы ауыстыратын заттарды енгізу; Тіндердің ауыр 
бүліністерінде қанды гемодиализ қолданып тазарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет