Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет434/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жүректің 
өткізгіш 
жүйесінде 
электр 
серпіндері 
өткізілуінің бұзылыстары: 
● 
кардиомиоциттерде 
әрекет 
ету 
потенциалының 
өзгерістерімен; 
● жүрек ет жасушаларының қозымдылығы мен серпіндерді 
өткізу уақытының өзгерістерімен, бөгеттер дамуымен; 
● өткізгіштіктің бір бағытта бұзылыстарымен және қозу 
толқынының қайта оралуымен (ағылш. re-entry) көрінеді.
 
 Бөгеттер (блокада) 
жиі жүректің өткізгіш жүйесі 
жасушаларының бүліністерінен пайда болады. Бұл бүліністер 
жүректің өткізгіш жүйесінде: 
♣ ишемия, некроз дамығанда
♣ жүрек жарақаты, қан қүйылу кездерінде; 
♣ кардиосклероз дамығанда; 
организмнің арақпен, никотинмен улануы кездерінде 


521
♣ кейбір дәрі-дәрмектердің (дигиталис, хинидин, β-
адренорецепторлардың тежегіштері т. б.) әсерлерінен; 
♣ бактериялардың (күл ауруы, жәншау (скарлатина), іш 
сүзегі қоздырғыштарының) уыттарынан; 
♣ вирустардың әсерлерінен - дамуы мүмкін. Бөгеттер 
жүректің өткізгіш жүйесінің кез-келген жерінде (синустық-
жүрекшелік тораппен жүрекшелердің арасында, жүрекшелердің 
қабырғаларында, 
жүрекшелер 
мен 
қарыншалар 
арасында, 
қарыншалардың қабырғаларында, Гис шоғының аяқшаларында, 
Пуркиние талшықтарында) орналасуы ықтимал. 
Электр 
серпіннің 
синустық-жүрекшелік 
тораптан 
жүрекшелерге өткізілуінің бұзылыстарынан 
жүрек соғуының 
сиреуі байқалады, кейбір жүрек жиырылулары болмайды. 
Жүрекшелердің қабырғалары арқылы өткізгіштің бөгеттері 
нәтижесінде оң және сол жүрекшелердің жиырылуы бір 
мезгілде болмайды. ЭКГ-да Р-өркеші екі айрылып көрінеді. 
Атриовентрикулалық бөгет 
кезінде синустық-жүрекшелік 
торапта 
пайда 
болған 
серпіндердің 
жүрекшелерден 
қарыншаларға өтуі бұзылады. Бұл кезде серпіндердің өтуі 
бұзылуы жартылай немесе толық болуы мүмкін. Жартылай 
автриовентрикулалық блокаданың үш дәрежесін ажыратады: 
● І-дережесінде жүрекшелерден серпіндердің жүрекше-
қарынша аралық торап арқылы қарыншаларға өтуі баяулайды. 
Сондықтан қарыншалардың жиырылуы жүрекшелер жиырылғаннан 
кейін біршама кешеуілдеп болады. ЭКГ-да жүрекшелердің 
жиырылуына Р-өркеші, қарыншалардың жиырылуына QRST кешені 
сәйкес келетіндіктен, Р-Q өркештерінің аралығы ұзарады. 
Қалыпты жағдайда бұл аралық 0,12-0,20 сек. болса, ол 
атриовентрикулалық блокаданың І-дәрежесінде 0,20 сек. 
астам біркелкі ұзарады (-сурет). 
● II-дәрежесінде синустық-жүрекшелік торапта пайда 
болган серпіндердің жүрекше-қарынша аралық торап арқылы 
қарыншаларға өтуі біртіндеп нашарлай береді де, жүректің 
бірнеше жиырылуларынан кейін мүлде өтпей қалуға ұщырайды. 
Сол себептен ЭКГ-да Р - Q өркештерінің аралығы біртіндеп 
ұзарып, жүректің бірнеше жиырылуларынан кейін Р өркешінің 
артынан қарыншалардың жиырылуы (QRS кешені) болмайды (-
сурет). Содан кейін жүрекшелерден серпіннің қарыншаларға 
өткізілуі қалпына келеді де, біртіндеп қайта нашарлай 
береді. Бірнеше жиырылудан соң қарыншалар жүрекшелердің 
жиырылуына тағы жауап қайтармайды. Осылай жүрекше-қарынша 
аралық торапта өткізгіштіктің өзгеруі белгілі заңдылықпен 
қайталана береді. Бұл оралымды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет