530
мүмкіндігі пайда болады. Таулы
жерлерге ауысқанда қан
қысымы көтерілуге бейім адамдарда артериялық гипертензия
асқынып кететіні белгілі.
Неғұрлым қала үлкен болса, солғүрлым оның шуы да көп
болады. Ірі қалаларда шудың қарқыны жылына 1 ДБ-ға өсіп
келеді. Тым қатты шулардың әсерлерінен адамның ұйқысы
бұзылады, жүйке жүйесінің қозымдылығы ұлғаяды,
құлақтың
естуі төмендейді, ішкі ағзалардың (жүректің, асқорыту
жолдарының) қызметтері бүлінеді, жандүниелік ауыртпалықтар
дамиды, артериялық қан қысымы көтеріледі.
Эссенциялық
гипертензияның
этиологиясында
сыртқы
ортаның ауыр металдармен ластануларының белгілі маңызы
болуы мүмкін. Бұл жөнінде мәліметтер әлі толық жиналмаған.
Солардың ішінде қорғасынның және кадмийдің маңызы бар.
Жануарларға тамақпен немесе сумен бірге өте аз мөлшерлерде
ұзақ мерзімде қорғасын немесе кадмий енгізгенде оларда
созылмалы артериялық гипертензия дамиды.
Олардың бұл
әсерін шеткері қан тамырларының жиырылуымен, натрийдің
организмде жиналуымен, қанда рениннің, ангиотензиннің
мөлшері көтерілуімен байланыстырады.
Организмде
магнийдің
жетіспеушілігі
артериялық
гипертензия
дамуына
әкеледі.
Магний
иондары
тамыр
қабырғаларының жиырылуын туындататын
ықпалдарға олардың
сезімталдығын төмендетеді және олар қан тамырларын
кеңітеді.
Эссенциялық гипертензия дамуына бейімдейтін ықпал
болып адамның жас мөлшері ұлғаюы есептеледі. Балалар мен
жастардың арасында бұл ауру сирек кездеседі. Өйткені олар
ұдайы қозғалыста дамиды. Ал, жас ұлғаюына қарай артериялық
гипертензиямен адамның ауыруы жиілейді. Мұны ұлғайған
жаста
гиподинамия
мен
тамырлардың
атеросклероздық
өзгерістерімен және эндокриндік бездердің ерекшеліктерімен
байланыстырады. Мәселен, ми тамырларының атеросклероздық
өзгерістері нәтижесінде тамырлардың қимылдық орталығының
гипоксиясы қан қысымының көтерілуіне әкелуі мүмкін.
Сонымен
бірге,
соңғы
жылдары
жүргізілген
эпидемиологиялық зерттеулерге қарағанда (Жапония, Қытай т.
б.) адамдардың ас тұзын көп пайдалануына қарай артериялық
қысым да жоғары болатыны дәлелденді. Ас тұзын тәулігіне 5
гр-нан астам, ұзақ мерзімде пайдаланған, гипертензияға
тұқым қуатын бейімділігі бар, адамдарда біріншілік
гипертензия дамуына әкеледі деген пікір бар. Мәселен,
егеуқүйрықтарға, иттерге, қояндарға ас
тұзы ерітіндісін
жібергенде артериялық қан қысымы көтеріледі. Оны
Достарыңызбен бөлісу: