Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Артериялық гипертензия дамуына әкелетін қауіп-қатерлі



Pdf көрінісі
бет442/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Артериялық гипертензия дамуына әкелетін қауіп-қатерлі 
факторлар 
экзогендік және эндогендік болып ажыратылады

Экзогендік қауіп-қатерлі факторларға: 
● жиі қайталанатын жан күйзелістері, ойсоққылық 
жағдайлар; 
● организмнің гиподинамиясы; 
● ас тұзын артық пайдалану; 
● созылмалы гипоксия; 
● қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы; 
● қарқынды шудың әсері; 
● зиянды әдеттер (темекі шегу, маскүнемдік) т.с.с. 
жатады. 
Эндогендік қауіп-қатерлі факторларға: 
● тұқым қуалаушылыққа бейімділік;
 
● артериялық тамырлардың атеросклерозы; 
● ішке сөлденіс бездері қызметтерінің өзгерістері; 
● семіру; 
● ұлғайған жас мөлшері т.б. жатады. 
Қазіргі ғылыми-техникалық өркендеудің нәтижесінде адам 
организміне көптеген ықпалдар әсер етеді. Жақсы дамыған 
мемлекеттерде халықтардың көпшілігі қалаларға ауысуына 
байланысты олардың организміне гиподинамия, созылмалы 
гипоксия, 
шу, 
эмоциялық 
ауыртпалықтар, 
атмосфераның 
химиялық заттармен ластануы т. б. әсер етеді. 
XX ғасырдың өркендеуі адамды ауыр қол жұмыстарынан 
босатты, оның орнына оймен атқарылатын жұмыстардың деңгейі 
көтерілді. Жақсы дамыған мемлекеттерде қолмен атқарылатын 
жұмыстың мөлшері, ғалымдардың есептеуі бойынша, 1961 
жылдан 1975 жылға дейін 76%-дан 8%-ға дейін азайған. 
Қала түрғындарының екінші бір ерекшелігі болып, 
организмге созылмалы гипоксияның әсері есептеледі. Осыдан 
гипоксияға 
жауап 
ретінде 
шеткері 
қан 
тамырларының 
рефлекстік жиырылулары, ішкі ағзалардың (бүйректің т. б.) 
гипоксиясы, тамырлардың қимылдық орталығының тұрақты қозуы 
қан қысымының жоғары деңгейде тұрақталып қалуына әкелу 


530
мүмкіндігі пайда болады. Таулы жерлерге ауысқанда қан 
қысымы көтерілуге бейім адамдарда артериялық гипертензия 
асқынып кететіні белгілі. 
Неғұрлым қала үлкен болса, солғүрлым оның шуы да көп 
болады. Ірі қалаларда шудың қарқыны жылына 1 ДБ-ға өсіп 
келеді. Тым қатты шулардың әсерлерінен адамның ұйқысы 
бұзылады, жүйке жүйесінің қозымдылығы ұлғаяды, құлақтың 
естуі төмендейді, ішкі ағзалардың (жүректің, асқорыту 
жолдарының) қызметтері бүлінеді, жандүниелік ауыртпалықтар 
дамиды, артериялық қан қысымы көтеріледі.
Эссенциялық 
гипертензияның 
этиологиясында 
сыртқы 
ортаның ауыр металдармен ластануларының белгілі маңызы 
болуы мүмкін. Бұл жөнінде мәліметтер әлі толық жиналмаған. 
Солардың ішінде қорғасынның және кадмийдің маңызы бар. 
Жануарларға тамақпен немесе сумен бірге өте аз мөлшерлерде 
ұзақ мерзімде қорғасын немесе кадмий енгізгенде оларда 
созылмалы артериялық гипертензия дамиды. Олардың бұл 
әсерін шеткері қан тамырларының жиырылуымен, натрийдің 
организмде жиналуымен, қанда рениннің, ангиотензиннің 
мөлшері көтерілуімен байланыстырады. 
Организмде 
магнийдің 
жетіспеушілігі 
артериялық 
гипертензия 
дамуына 
әкеледі. 
Магний 
иондары 
тамыр 
қабырғаларының жиырылуын туындататын ықпалдарға олардың 
сезімталдығын төмендетеді және олар қан тамырларын 
кеңітеді. 
Эссенциялық гипертензия дамуына бейімдейтін ықпал 
болып адамның жас мөлшері ұлғаюы есептеледі. Балалар мен 
жастардың арасында бұл ауру сирек кездеседі. Өйткені олар 
ұдайы қозғалыста дамиды. Ал, жас ұлғаюына қарай артериялық 
гипертензиямен адамның ауыруы жиілейді. Мұны ұлғайған 
жаста 
гиподинамия 
мен 
тамырлардың 
атеросклероздық 
өзгерістерімен және эндокриндік бездердің ерекшеліктерімен 
байланыстырады. Мәселен, ми тамырларының атеросклероздық 
өзгерістері нәтижесінде тамырлардың қимылдық орталығының 
гипоксиясы қан қысымының көтерілуіне әкелуі мүмкін. 
Сонымен 
бірге, 
соңғы 
жылдары 
жүргізілген 
эпидемиологиялық зерттеулерге қарағанда (Жапония, Қытай т. 
б.) адамдардың ас тұзын көп пайдалануына қарай артериялық 
қысым да жоғары болатыны дәлелденді. Ас тұзын тәулігіне 5 
гр-нан астам, ұзақ мерзімде пайдаланған, гипертензияға 
тұқым қуатын бейімділігі бар, адамдарда біріншілік 
гипертензия дамуына әкеледі деген пікір бар. Мәселен, 
егеуқүйрықтарға, иттерге, қояндарға ас тұзы ерітіндісін 
жібергенде артериялық қан қысымы көтеріледі. Оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет