539
Атеросклероз
Атеросклероз
(грек. athero - ботқа, лат. scleros -
қатты, беріш)
- деп артериялардың ірі және орташа
тармақтарының ішкі (интима), ортаңғы (медиа) қабықтарында
В апопротеині (апо-В) бар липопротеидтер мен холестериннің
жиналуынан, дәнекер тіндердің артық өсіп-өнуі, фиброздық
түйіндер қалыптасуы мен оларға кальций тұздарының тұнуын
айтады.
Атеросклерозға қолқа, жүрек, ми және аяқтардың
артериялары жиі ұшырайды. Содан артериялық тамырлар
өздерінің серпімділігін жоғалтады. Созылғыштық қасиетінің
төмендеуінен олар, ағзалар мен тіндерді мұқтаждығына
сәйкес қанмен қамтамасыз ете алмайды.
Қатты дамыған атеросклероз артериялардың саңылауларын
тарылтады және толық бітеп қалуы мүмкін. Осыдан ағзалар
мен тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі қатты бұзылады,
жүректе инфаркт дамуы, мидың қызметі бұзылуы байқалады.
Сонымен бірге фиброздық түйіндердің ыдырауынан тромбоз
және
эмболия,
қолқаның
аневризмасы,
шеткері
қан
тамырларының бүліністері, аяқта гангрена т. б. құбылыстар
дамуы ықтимал.
Тіпті
аз
мөлшерде
атеросклерозға
ұшыраған
артериялардың
жиырылу
туындататын
(норадреналин,
ангиотензин, вазопрессин т.с.с.) заттарға сезімталдығы
қатты
көтеріледі.
Сол
себептен
әртүрлі
ауыртпалық
жағдайларда ағзаның (жүректің, мидың) ишемиясына әкелуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: