Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Адамның жас мөлшері мен жынысының маңызы



Pdf көрінісі
бет452/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Адамның жас мөлшері мен жынысының маңызы. 
Атеросклероз 
негізінен ұлғайған, қарт адамдарда байқалады. Осыдан 
атеросклероздың 
даму 
негізінде 
жасқа 
байланысты 
артериялардың 
қабырғаларындағы 
зат 
алмасуларының 
өзгерістері 
жатады 
деп 
есептелінеді 
Электрондық 
микроскоппен 
қарт 
адамдардың 
қан 
тамырларының 
қабырғаларында жасушалардың ультрақұрылымдық орналасу 


541
тәртібі 
бұзылатыны, 
эндотелий 
жасушаларының 
сыртқы 
әсерлерге сезімталдығы қатты көтерілетіні, эндотелий асты 
қабатының кеңейіп кетуі байқалды. Қан тамырларының ішкі 
қабығы жасушаларының шеткері жақтарында өзгерген ет 
жасушалары пайда болады. Бұл жасушалармен өндірілген 
нәруыздар тамыр қабырғаларына жиналып, жас ұлғаюына 
байланысты оларда кальций тұздары тұнып, атеросклероз 
дамуына қолайлы жағдай туындатады. 
Дегенмен, атеросклероз жасы ұлғайған адамдарға тән 
дерт екеніне қарамай, қартаю бұл дерттің себебі бола 
алмайды. Атеросклероз дамуына артериялық тамырлардың 
ұзаққа созылған және жиі қайталанатын жиырылулары, 
жұқпалар т. с. с. көптеген ықпалдар әкеледі. Жас ұлғаюына 
байланысты бұл ықпалдар көбейе береді және олардың әсер 
ету ұзақтыгы ұзарады. 
Атеросклероз 65 жасқа дейінгі ер адамдарда, әйелдерге 
қарағанда, 5-еседен астам жиі кездеседі. Ол жастан кейін 
еркектер мен әйелдерде бірдей жиілікпен байқалады. 
Еркектерде атеросклероз жиі дамуына қолайлы ықпалдар болып 
темекі шегу, артериалық гипертензия, оларда жиі кездесетін 
стрестік жағдайлар, жыныстық гормондардың айырмашылықтары 
есептеледі. Әйелдердің жыныстық гормондары антиатерогендік 
жоғары тығыздықты липопротеидтердің өндірілуін арттырады. 
Еркектердің 
жыныстық 
гормондары 
атерогендік 
төмен 
тығыздықты 
липопротеидтердің 
деңгейін 
көбейтеді, 
холестериннің бауырда тотығуын тежейді. 
Әртүрлі себептерден әйелдердің жыныстық бездерінің 
қызметі төмендеуіне байланысты оларда атеросклероздың 
дамуы да артады, жүректің ишемиялық ауруы жиілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет