Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет455/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гиперинсулинизм
Қанда инсулиннің көбеюі өз бетінше
төмен тығыздықты және аралық тығыздықты липопротеидтердің 
түзілуін арттырып, атерогендік әсер етеді. Сонымен бірге 
инсулиннің 
артықтығы 
қан 
тамырлары 
қабырғаларының 
жасушалары өсіп-өнуін арттырады.
Гипергомоцистеинемия. 
Гомоцистеин 
эндотелий 
жасушаларына 
уытты 
әсер 
етеді. 
Сондықтан 
гипергомоцистеинемия атерогендік фактор деп есептеледі. 
Цистеин мен цистиннің алмасуына қажетті метиониннің
фолациннің, 
кобаламиннің, 
В
6
-витаминінің 
тағамда 
жеткілікті болуы атеросклероз дауынан сақтандыратын әсер 
етеді. 
Қоршаған орта ықпалдарының маңызы. 
Қоршаған ортаның 
(демалатын ауаның, ауыз суының, топырақтың) әртүрлі 
химиялық заттармен ластанулары атеросклероз дамуына ықпал 
етуі мүмкін. Бұл заттарға көміртегі тотығын, күкіртті 
сутегін, қорғасын, бензол, сынап қосындыларын т.с.с. 
жатқызуға 
болады. 
Олардың 
әсерлерінен 
организмде 
заттардың, әсіресе майлардың, алмасуларының бұзылыстары 
дамиды. 
Сонымен 
бірге 
бұл 
кезде 
артериялардың 
қабырғаларында 
май 
қышқылдарының 
асқын 
тотығуынан 
дистрофиялық, сіңбелі өсіп-өнулік өзгерістер дамуы мүмкін. 
Автокөліктердің 
кәсіби 
жүргізушілерінің 
арасында 
өткізілген 
зерттеулер, 
олардың 
қанында 
атерогендік 
липопротеидтердің көбейетінін, жиі жүректін ишемиялық 
ауруы дамитынын көрсетті (Т. П. Ударцева). Бұл мамандарға 
бір жағынан химиялық улы мұнай өнімдері, екінші жағынан 
ұзақ гиподинамия әсер етеді. 
Организмде ванадийдің, супероксиддисмутаза ферментінің 
құрамына енетін – селеннің тапшылықтары атеросклероз 
дамуын күшейтеді. 
Жануарларда өткізілген тәжірибелерде электромагниттік 


544
толқындардың әсерлерінен коронарлық қанайналым бұзылып, 
жүректің ишемиясы дамитыны байқалды. Бұл жануарлардың 
қанында қанықпаған және қаныққан май қышқылдарының 
арақатынасы азайып, үшглицеридтердің деңгейі көтерілетіні 
анықталды (А. Алдашев, Т. Г. Мысляева, 1995). Ғалымдардың 
зерттеулері бойынша бұл әсерлерге ер адамдар, әйелдерге 
қарағанда, тым сезімтал көрінеді. 
Шылым шегу 
атеросклероз дамуына бірнеше жолдармен 
әкеледі: 
♣ темекі шегетін адамдардың қанында атеросклероз 
дамуына 
қарсы 
әсер 
ететін 
жоғары 
тығыздықты 
липопротеидтердің өндірілуі азаяды; 
♣ 
темекі 
түтініндегі 
көміртегінің 
моноксиді 
эндотелий жасушаларын бүліндіреді; 
♣ темекі түтінінде болатын мутагендік заттар тегіс 
салалы ет жасушаларының құрылымдық гендерін мутацияға 
ұшыратады; 
♣ темекі шегуден дамитын созылмалы гипоксия тегіс ет 
жасушаларының өсіп-өнуін арттырады, төмен тығыздықты 
липопротеидтердің лизосомалық гидролиздік ферменттермен 
ыдыратылуын 
тежейді. 
Темекі 
шегетін 
адамдарда 
атеросклерозбен қатар артериосклероз дамиды. Осыдан аяқ 
артерияларын бітеп қалатын эндоартериит жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет