550
Эндотелий жасушаларымен қамтылған липопротеидтердің
жартысы, оның ішінде ұсталып қалмай, екінші жағына
экзоцитоз жолымен өтіп, эндотелий жасушаларының астыңғы
қабатына түседі. Липопротеидтердің екінші жартысы жасуша
ішінде ыдыратылады. Қанда холестериннің деңгейі көтеріліп
кеткенде
эндотелий
жасушаларымен
липопротеидтердің
қамтылуы көбейіп, эндотелий қабатының астына тасымалдануы
жоғарылайды.
Оның
негізінде
бір
жағынан
эндотелий
жасушаларының
құрылымдық
және
әрекеттік
өзгерістері
маңызды
болса,
екінші
жағынан
липопротеидтердің
өзгерістерінің маңызы бар.
Қан плазмасынан липопротеидтер субэндотелий қабатына
эндотелий жасушаларының арасындағы кеңістіктер арқылы да
өтуі ықтимал. Гиперхолестеринемия кезінде бұл кеңістіктер
кеңиді.
Адреналин, норадреналин, серотонин, ангиотензин-II,
брадикинин және холестерин эндотелий жасушаларын жиырып,
олардың арасындағы кеңістіктерді кеңітеді. Никотин де
осындай әсер етуі мүмкін.
Кейбір ғалымдардың пікірлері бойынша артериялардың
қабырғаларына липопротеидтердің өтуі бүлінген эндотелий
қабаттары арқылы болады. Эндотелий қабатының бүліністері
қан
айналымның
бұзылыстарынан,
уытты
заттардың
әсерлерінен, тромбылар құрылуынан т.б
.
жағдайлардан пайда
болады. Эндотелий қабатының бүлінген жерлері арқылы қан
плазмасындағы липопротеидтердің тамыр қабырғаларындағы
тегіс ет жасушаларымен және интиманың фагоциттерімен
түйісуі болады.
Сайып келгенде артерия қабырғаларына липопротеидтер
мен холестериннің жиналып қалуы қанның, қан тамырларының
эндотелий,
ішкі,
орталық
және
сыртқы
қабықтарының
жағдайларынан байланысты (-кесте).
- кесте
Достарыңызбен бөлісу: