553
жасушалар интиманың эндотелий астына орналасады.
Осыдан
интиманың
болбырауы
болып,
оған
одан
сайын
липопротеидтердің, α-глобулиннің, гликозамингликандардың
жиналуы
байқалады.
Гликозамингликандар
ТТЛП-дің
апопротеин-В
нәруызымен
байланысып,
дәнекер
тінмен
кешендер құрады.
Көпіршіктенген
жасушалардың
іштерінде
негізінен
холестериннің эфирлері болады. Холестеринмен тым артық
толуынан
бұл жасушалардың ыдырауы, артынан липидтердің
жасуша аралық кеңістіктерге құйылуы болады. Бұл кезде
липидтермен бірге лизосомалардың
гидролиздік ферменттері
шығады. Олар қоршаған тінге ыдыратушы әсер етеді. Жасуша
аралық кеңістіктерге құйылған липидтер (холестериннің
эфирлері) қоршаған тіндерді тітіркендіріп, дәнекер тіндері
жасушаларының өсіп-өнуін туындатады. Қалыптасқан фиброздық
тін липидтерді қоршап алып, оларды айналасындағы тіндерден
оқшаулайды. Бұл фиброздық тіннің
тамыр саңылауына қараған
беті қатайып, фиброздық түйін құрады. Бұл түйіндер жиі
ыдырап, тіршілігін жоғалтуы мүмкін. Осындай түйіндерді
атероматоздық түйіндер деп атайды (-сурет).
- сурет. Атероматоздық түйіндер құрылуы.
Фиброздық түйіндердің көлемі түйреуіш басынан бірнеше
сантиметрлерге дейін жетуі ықтимал. Олар тамыр саңылауына
шығып тұрады және кейде оны толық бітеп қалады. Фиброздық
түйіндердің ішіне өскен ұсақ қан тамырлары қанауынан және
фибриндердің сіңірілуінен
олардың көлемі ұлғаяды және
атероматоздық
ыдырау
күшейеді.
Сонымен
бірге,
бұл
түйіндердің үлкеюі оларда липидтердің ары қарай жинала
беруінен және іргелік тромбоздар дамуынан болады. Қан
қатпалары артериялардың орташа және кіші тармақтарында
тамыр саңылауларын толық бітеп қалуы мүмкін.
Артынан бұл түйіндердің
іштеріндегі заттар және
тромбылар қан айналымына түсіп, ішкі ағзалардың (мидың,
жүректің т. с. с.) артерияларына эмболдар таратады. Жиі
554
фиброздық түйіндерге кальций жиналып, қатып қалуы мүмкін.
Бұндай жағдайды атерокальциноз деп атайды.
Фиброздық
түйіндердің
орналасқан
жеріне
қарай
ағзалардың (жүректің, мидың) ишемиясына әкеледі. Содан
мида,
миокардта инфаркт, қолқаның құрсақ іші бөлігі тым
керіліп кетуінен аневризма,
аяқ тамырларының бітеліп
қалуынан гангрена т.с.с. дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: