Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет449/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Коллапс – 
деп айналымдағы қан көлемі азаюынан 
артериялық және веналық қысымның қатты төмендеп кетуімен 
көрінетін қан тамырларының жіті жеткіліксіздігін айтады. 
Пайда болу себептеріне қарай: 
● уытты-жуқпалы; 
● геморрагиялық (қансыраудан кейінгі); 
● панкреатикалық немесе ұйқыбездік; 
● ортостатикалық; 
● аноксиялық коллапстарды ажыратады. 
Жұқпалардың уыттарынан дамитын, уытты-жұқпалы коллапс 
кекжиме (менингит), сүзек, ботулизм, сатқақ (дизентерия) 
қоздырғыштарынан, 
тұмау 
мен 
гепатит 
вирустарының 
әсерлерінен майда қан тамырларының межеқуаты күрт төмендеп 
кетуінен дамиды. 
Қансыраудан кейінгі коллапс кезінде айналымдағы қан 
көлемінің тез азаюынан артериялық қан қысымы күрт түсіп 
кетеді. 
Панкреатикалық 
коллапс 
ұйқы 
безінің 
жіті 
қабынуларында, 
оның 
некроздарында 
протеолиздік 
ферменттерінің қанға түсуінен дамиды. 
Ортостатикалық коллапс ұзақ төсек тартып жатқан адам 
тез орнынан тұрғанда айналымдағы қан денеден аяқтардың 
тамырларына ауысып кетуінен дамиды. Бұндай коллапс жиі жас 
балаларда, қарт адамдарда кездеседі. Ол дербес жүйке 
жүйесінің қызметі бұзылыстарына және қолқа иіні мен ұйқы 
артерияларының 
қойнауындағы 
барорецепторлардың 
сезімталдығы төмендеуіне байланысты дамиды. Дербес жүйке 
жүйесінің бұзылыстарына кейбір дерттік жағдайлар (қантты 
диабет, амилоидоз, қатерлі анемиялар, көк тамырлардың ауыр 
керіліп кеңеюі, жұқпалы аурулар т.с.с.) және дәрі-
дәрмектер 
(симпатолитиктер, 
ганглиоблокаторлар, 
антидепрессанттар, барбитураттар т.б.) әкеледі. 
Аноксиялық коллапс биіктік ауруы кезінде дем алатын 
ауада оттегінің мөлшері қатты азайып кетуінен дамиды. Бұл 
кезде қан тамырларының межеқуаты төмендеуінен олар кеңіп, 
айналымдағы қанның көлемін азайтады. 
Коллапстың даму жолдарында қан тамырлары межеқуатының 
тез әлсіреуі бірінші орында тұрады. Осыдан кеңіп кеткен 
қан тамырларында қан жиналып қалуынан айналымдағы қанның 
көлемі азаяды, оның ағу жылдамдығы баяулайды, ағзалар мен 
тіндерге оттегінің тасымалдануы бұзылады. Гипоксияның 


538
нәтижесінде тіндерде зат алмасуларының бұзылыстары дамып, 
қышқыл аралық өнімдер жиналып қалады. Олар майда қан 
тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, қанның 
сұйық бөлшектері тамыр сыртына шығып кетіп, оның 
айналымдағы көлемін одан сайын азайтады. Осыдан артериялық 
қан қысымы күрт төмен түсіп кетеді. Бұл өз алдына гипоксия 
дамуын ары қарай күшейтеді. Мида отгегі аз болуынан 
организмнің тіршілігіне маңызды қызметтері бұзылады. 
Кез келген коллапсты емдеу үшін айналымдағы қанның 
көлемін арттырып, артериялық қысымды көтеру шараларын 
қолдану қажет. Ол үшін науқас адамға қан немесе қанды 
алмастыратын сұйық енгізу керек. Сонымен бірге бүйрек үсті 
бездерінің сыртқы қабатының гормондарын енгізу коллапсты 
емдеуде нәтижелі болады. Глюкокортикоидтық гормондар қан 
тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін азайтып, қанның 
сүйық бөлшегінің тамыр сыртына шығуын шектейді. Сонымен 
бірге, олар ангиотензинге ауыстыратын фермент түзілуін 
арттырып, 
шеткері 
артериолалардың 
жиырылуына, 
қан 
қысымының 
көтерілуіне 
әкеледі. 
Бұл 
гормондар 
катехоламиндердің әсер етуінде қолдаушы ықпал етеді. 
Сондықтан науқас адамдарға катехоламиндер жіберіп, қан 
қысымын көтеру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет