Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет439/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жүрек 
аритмилары 
дамуындағы 
электрофизиологиялық 
құбылыстар. 
Жүрекшелер 
тыпыры 
мен 
жүрек 
жыпылығы 
немесе 
фибрилляциясы дамуларында, жүрек етінде көптеген қосымша 
қозу ошақтарының пайда болуымен қатар, ондағы өткізгіш 
жүйенің бір бағытта бұзылыстарының маңызы үлкен. Бұл 
кезде қозу серпіндері, шеңбер бойынша айналып жүру 
қабілетін қабылдайды. 
Қалыпты жағдайда жүзік тәріздес ет талшығын электр 
ағынымен тітіркендіргенде серпін екі бағытта қозғалып, 
тітіркендіргіштің қарсы жағында түйісіп бірін-бірі жояды. 
Осыдан ет талшығының тұтасқан жиырылуы болады. Егер шыны 
таяқшамен тітіркендіргіштің жанында ет талшығын қысып 
түрып содан кейін тітіркендірсе, онда таяқшаны алып 
тастаған соң қозу серпіндері бір бағытта шеңбер бойынша 
айналып жүреді. Бұл кезде қозу серпіндерінің әсерлерінен 
ет талшықтарының бірікпеген жекелеген бөлшектерінің жиыры-
лулары байқалады. Осындай жағдайды 
ге-еntrу 
(ағыл.— қайта 
(ену) оралу) 
феномені 
(-сурет) деп атайды. 


526
- сурет. Серпіндердің бір бағытта шеңбер бойынша 
тарауы. 

Жүрек аритмияларын емдеу негіздері: 
● ж
асуша мембраналары арқылы натрий, калий иондарының 
жүрек жасушаларына артық енуін тежегіш дәрі-дәрмектер 
(новокаинамид, хинидин т. б.) қолдану; 
● бета-адренорецепторлардың тежегіштерін (обзидан т. 
б.) пайдалану
● 
кардиомиоциттердің 
мембраналарындағы 
кальцийдің 
шабан өзекшелері- нің тежегіштерін енгізу; 
● май қышқылдарының асқын тотығуынан сақтандыратын 
антиоксиданттар 
мен 
фосфолипаза 
ферменттерінің 
белсенділігін төмендететін дәрі-дәрмектер қолдану
● жүрек жыпылығын емдеу үшін жүрек арқылы қуатты 
электр ағынын өткізу негізінде дефибрилляция (жыпылықты 
жою) әдісі қолданылады. Бұл кезде жүрек етінде кейбір 
жасушалар толық рефрактерлік (қозымсыздық), екіншілері - 
салыстырмалы қозымсыздық, үшіншілері - қалыпты қозымдылық, 
төртіншілері 

жоғары 
қозымдылық 
жағдайларында 
болғандықтан, жүрек арқылы қуатты электр ағының өткізу
кардиомиоциттердің барлығын бір жағдайға келтіреді.
Жүрек аритмияларынан алдын-ала сақтандыру үшін жүрек 
етін физикалық жүктемелерге ұдайы шынықтырудың маңызы 
үлкен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет