Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Венкебах-Самойлов оралымы



Pdf көрінісі
бет435/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Венкебах-Самойлов оралымы
немесе 
кезеңі
деп атайды. 
● 
III-дәрежесінде 
серпіндердің 
жүрекшелерден 
атриовентрикулалық 
торап 
арқылы 
қарыншаларға 
әрбір 


522
екіншісі, үшіншісі немесе төртіншісі ғана өткізіледі. 
Сондықтан жүрекшенің 2, 3, 4 жиырылуларына қарыншалар бір 
жиырылумен ғана жауап қайтарады. ЭКГ-да 2-3 немесе 4 Р 
өркешінен кейін бір QRS кешені пайда болады. 
Толық атриовентрикулалық бөгет
кезінде жүрекшелерден 
қарыншаларға серпіндер мүлде өтпейді. Жүрекшелер cинустық-
жүрекшелік торапта пайда болған номотоптық ырғақ бойынша, 
қарыншалар өз беттерінше идиовентрикулалық ырғақ бойынша 
жиырылады. Сол себептеи жүрекшелер минөтіне 70-80 рет 
жиырылса, қарыншалар минөтіне 30-40 рет қана жиырылады. 
Бұл бөгет кезінде жүрекшелер мен қарыншалардың жиырылуы 
бір мезгілде болуы мүмкін. Осыдан келіп жүрекшелердің 
тығындалып қалуы немесе олардың тампонадасы дамуы ықтимал. 
Сондықтан шеткері ағзалардың, әсіресе мидың, қанмен 
қамтамасыз етілуі қатты бұзылады, адам есінен айрылады
тырыспа-селкілдек дамиды. Бұндай жағдайды 
Морганьи-Эдемс-
Стокс синдромы
деп атайды. Осыдан адам тез жан тапсыруы 
мүмкін. Кейде қанайналым қалпына келіп, көрсетілген 
құбылыстар бірнеше рет қайталануы ықтимал. Кейде толық 
бөгет 
жартылай 
бөгетке 
ауысуы 
мүмкін. 
Толық
атриовентрикулалық 
бөгетті 
емдеу 
үшін 
жасанды 
электроширықтырғыштар қолданылады. 
Қарыншалардың 
қабырғаларындағы 
өткізгіштіктің 
бұзылыстары
жиі Гис шоғының бір аяқшасында байқалады. 
Сондықтан қарыншалардың қозуын туындататын серпіндердің оң 
немесе сол қарыншаға өтуі кешеуілдейді, олардың жиырылуы 
бір мезгілде болмайды. ЭКГ-да R-өркеші екіге айрылып 
көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет