Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Ырғақ игерілуінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет436/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Ырғақ игерілуінің бұзылыстары
Миокардта зат алмасуларының терең бұзылыстарында ырғақ 
игерілуінің бұзылыстары дамиды. Ол қозу жиілігінің 
жаңғырығуы бұзылыстарымен немесе бірінің бірі артынан 
болатын қозу мен жиырылудың ұзақтығы және тербелу ауқымы 
(амплитудасы) әртүрлі болуымен көрінеді. Қозу жиілігінің 
жаңғырығу бұзылыстарын 
ырғақтың трансформациясы
дейді. Бұл 
кезде жүрек етінде пайда болған қозудың барлығына бірдей 
жүрек жиырылумен жауап қайтармайды. Содан қозу мен миокард 
жиырылуының жиілігі, біріне бірі сәйкес келмей, әртүрлі 
болады. 
Қалыпты 
жағдайда 
әрбір 
қозудың 
(әрекет 
ету 
потенциалының) артынан жүрек етінің жирылуы болады. Осы 
бірінің артынан бірі болатын қозу мен жиырылудың ұзақтығы 
және 
тербелу 
ауқымы 
(амплитудасы) 
әртүрлі 
болуын 
әлтернация 
– деп атайды. 
Ырғақтың трансформациясы
. Пайда болу себептері: 


523
ауыр уыттанулар
● қатты ишемия; 
● жайылған кардиосклероз т.б. – есептеледі. 
Осылардың нәтижесінде жүректің өткізгіш жүйесінің 
әртүрлі 
бөліктерінде 
немесе 
Пуркиние 
талшықтарының 
тармақталу аяқшаларында жүйкелік серпіндердің өткізілуі 
бұзылады. Содан жүрек ет жасушаларының мембраналарында 
серпін туындату қабілеті немесе деполяризация бұзылмай
жасушалардың жиырылу қасиеті бұзылады. Осыдан қозу мен 
жүрек 
жиырылу 
жиіліктерінің 
арасында 
сәйкессіздік 
байқалады. Әрбір қозу жиырылумен ұласпайды. 
Әлтернация. 
Бүлінген миокардта бір жүйкелік серпінге 
барлық ет талшықтары қозып жиырылады, ал келесі серпінге 
тек олардың жартысы ғана жауап қайтарады. Сондықтан әрекет 
ету потенциалы мен жиырылудың тербелу ауқымы әркелкі 
болады. Былайша айтқанда бір серпінге дұрыс ауқымды 
жиырылу болса, екінші серпінге әлсіз жиырылу болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет