Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет433/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Ұстамалы тахикардия.
Қалыпты 
номотоптық 
ырғақты 
толық 
жоятын 
экстрасистолалардың 
топтарының 
пайда 
болуы 
ұстамалы 


520
тахикардия дамуына әкеледі. Бұл кезде жүрек соғуы аяқ 
астынан ұстамалы түрде минөтіне 140-250 ретке дейін жетеді 
және оның ұстамалары бірнеше секундтан бірнеше минөт
сағаттарға дейін созылады да, аяқ астынан тоқтап, артынан 
жүректің қалыпты ырғағы пайда болады. 
Жиі ұстамалы тахикардия жүрекшелерде дамиды. Бұл кезде 
серпіндердің көпшілігі атрио-вентрикулалық торап бойынша 
қарыншаларға өтпейді. Сондықтан қарыншалардың жиырылыстары 
жүрекшелерге қарағанда біршама сирек болады. 
Қарыншалардың 
ұстамалы 
тахикардиясы 
біршама 
ауыр 
өтеді. 
Ұстамалы тахикардия миокардтың ишемиясы, кардиосклероз 
кездерінде жиі дамиды және ол жүрек аритмияларының ауыр 
түрлеріне жатады. Тахикардияның ұстамалары кездерінде 
жүрек соққылық және минөттік қан көлемі азаяды да, шеткері 
ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі төмендейді. Бұл кезде 
жүрек диастоласының ұзақтығы қатты қысқарудан жүректе 
энергия түзілуі азайып, энергия тапшылығы дамиды. 
Өткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі 
өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары. 
 
Синустық-жүрекшелік 
торапта 
пайда 
болған 
электр 
серпіндері жүректің төменгі бөліктеріне өткізгіш жүйесі 
арқылы өткізіледі де, оларда қозу үрдісін туындатады. Бұл 
серпіндер жасуша мембраналарына әсер етіп, олар арқылы 
иондардың алмасуын өзгертеді. Осының нәтижесінде әсер ету 
потенциалы бір жасушадан екіншісіне, ары қарай көрші 
жасушаларға өткізіліп, олардың деполяризациясы пайда 
болады. Осылай электр серпіндері жүректің өткізгіш 
жүйесінің жасушалары арқылы өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет