Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет430/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Экстрасистола 
— 
эктопиялық 
ошақта 
пайда 
болған 
серпіндердің әсерлерінен түтас жүректің немесе оның жеке 
бөліктерінің кезектен тыс, мезгілсіз жиырылуы.
Жүректің кезектен тыс, мезгілсіз жиырылуының бірінен 
соң бірі екіден астам қайталануын 
экстрасистолия 
дейді. 
Экстрасистолия 
дамуына 
жүректің 
ет 
талшықтары 
жасушаларындағы иондық балансты бұзатын қандай да болмасын 
зат алмасуларының өзгерістері әкеледі. Бұндай өзгерістер 
жүйкелік-сұйықтық реттелудің бұзылыстарында және миокардта 
гипоксия, ишемия, некроз, дистрофия, склероз, қабыну
кездерінде пайда болады.
Экстрасистолия даму патогенезінде жүрек етінде әсер 
ету потенциалы және серпіндерге жауап қайтару қабілеті 
бойынша әртүрлі жасушалардың қатар орналасуы маңызды орын 
алады. Бұл кезде бір жасушалар толық қозымсыз (толық 
рефрактерлік), 
екіншілері 
салыстырмалы 
қозымсыз, 
үшіншілері 
қозымды 
кезеңдерде 
болады. 
Рефрактерлік 
кезеңнен ерте шыққан ет талшықтарының қозуы олардың 
кезектен тыс, мезгілінен бұрын жиырылуына әкеледі. 
Эктопиялық ошақтың орналасқан жеріне қарай синустық, 
жүрекшелік, 
атриовентрикулалық, 
сол 
қарыншалық, 
оң 
қарыншалық 
және 
қарынша 
аралық 
экстрасистолияларды 
ажыратады. 
Синустық экстрасистолия 
эктопиялық ошақтың синустық-
жүрекшелік торабтың шеткері жасушаларында орналасуынан 
дамиды. ЭКГ-да жүрекше мен қарыншалар кешендерінің 
өзгерісі болмайды, тек жүректің кезексіз жиырылғанында 
диастолалық үзілістің ұзақтығы қысқарады да, Т - Р -
өркештерінің аралығы жақындайды. Бұл кезде диастоланың 
қысқаруынан қарыншалар қанға толып үлгермегендіктен аз 
қанмен жиырылады да, экстрасистола кезінде тамырдың соғу 
толқыны бәсеңдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет