Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет427/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Синустық брадикардия
– деп синустық-жүрекшелік торапта 
серпін пайда болуы сиреуінен жүректің сирек соғуын 
айтады. 
Бұл кезде жүрек соғуы минөтіне 60-тан аз болады және 
ЭКГ-да жүрекше-қарынша кешендері өзгермей, тек диастолалық 
үзіліс, Т - Р өркештерінің арасы ұзарады (-сурет). 
Синустық брадикардия мына жағдайлардан дамуы мүмкін: 
● жүрекке парасимпатикалық жүйке жүйесінің әсёрі 
күшейгенде; бұндай жағдай бас сүйек ішінде қысым 
көтерілгенде (ми жарақатында, мида өспе өскенде, ми 
қабықтары қабынғанда, миға қан құйылғанда) байқалады
Өйткені бұл кездерде кезбе жүйкенің (n. vagus) орталығы 
қоздырылады. 
Сонымен 
бірге 
парасимпатикалық 
жүйке 
жүйесінің межеқуаты көтерілуі бұл жүйкенің шеткері 
аяқшаларының қозуынан болады. Мәселен, іш сүзегі кезінде 
ашішектердің 
қабырғаларындағы 
кезбе 
жүйке 
аяқшалары 
қозуынан рефлекстік түрде синустық брадикардия дамиды. 
Осындай жағдай екі көздің, немесе ұйқы артерияларының 
сыртынан саусақпен басьш қысқанда байқалады. Көздің 
сыртынан 
басып, 
парасимпатикалық 
жүйкені 
қоздыруды 
Даньини-Ашнер рефлексі; үйқы артерияларын қысып, оны 


514
қоздыруды Геринг рефлексі деп атайды. Осы тәсілдер 
ұстамалы тахикардияның ұстамасын тоқтату үшін клиникада 
кеңінен пайдаланылады; 
● 
жүрекке 
симпатикалық-адреналиндік 
әсерлердің 
әлсіреуінен; бүндай жағдай жоғары жүйке іс-әрекеттерінің 
бұзылыстарында, симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы 
орналасқан 
гипоталамустың 
құрылымдық 
бүліністерінде, 
симпатикалық 
жүйке 
талшықтарының 
рецепторларының 
бұзылыстарында байқалады; 
● 
синустық-жүрекшелік 
торабқа 
әртүрлі 
физикалық, 
химиялық 
немесе 
биологиялық 
ықпалдардың, 
тікелей 
бүліндіргіш 
әсерлерінен. 
Мәселен, 
осы 
тораптың 
жарақаттануы, оған қан құйылуы синустық брадикардияның 
дамуына әкеледі. 
Сонымен бірге синустық-жүрекшелік торапқа улы заттар
өт қышқылдары, кейбір дәрі-дәрмектер (хинин, опиаттар, 
жүрек гликозидтері, холиномиметиктер т. б.) тежеуші әсер 
етеді. 
Бұл 
факторлар 
тым 
қарқынды 
болғанда 
синустық-
жүрекшелік торапта серпін пайда болуын сиретіп қана 
қоймай, оны мүлде жоғалтуы мүмкін. Жүрек соғуы қатты 
сирегенде қанайналым жеткіліксіздігі дамиды. 
-сурет. Жүрек ырғағының номотоптық бұзылыстары. 
а. Сау адамның ЭКГ-сы; 
б. 
Синустык тахикардия
в. Синустық брадикардия; г. Синустық аритмия 
(дем алғанда жүрек соғуы жиілеп, дем шығарғанда 
сирейді). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет