Эссенциялық гипертензияның өту сатылары. Эссенциялық
гипертензия біршама уақыт байқалмауы мүмкін. Ол үш сатыда
өтеді:
● бірінші
өткінші сатысында артериялық қан қысымы
мезгіл-мезгіл көтеріліп, ешқандай емшара қабылдамай-ақ,
қалыпты деңгейге түсіп тұрады;
● екінші
қан қысымының тұрақты көтерілу сатысы кезінде
артериялық қысым ұдайы жоғары деңгейде болады. Осыдан
жүректің сол қарыншасының гипертрофиясы дамиды;
● үшінші
қан тамырлары мен көз түбінің жүйкелік құрылымдарының ауыр құрылымдық өзгерістерімен көрінетін сатысы. ДДҰ сарапшылар комитетінің жіктеуі бойынша эссенциялық
гипертензияның өтуін үш сатыға бөледі:
● I - функциялық өзгерістер сатысы;
● II - бастапқы құрылымдық өзгерістер сатысы;
● III - ішкі ағзаларда, әсіресе бүйректе, ауыр
құрылымдық өзгерістер даму сатысы делінеді.
Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтандыру мен емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері. Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтану үшін
белгілі мөлшерде физикалық жүктемелерге жаттығу, дене
шынықтыру мен спортпен шұғылданудың маңызы өте зор.
Сонымен бірге, тағамда майлы тамақтарды шектеп, артериялық
тамырлардың атеросклерозы дамуынан сақтандыратын шаралар
қолдану қажет. Тағамда ас тұзын шектеу арқылы денеде оның
жиналып қалуынан сақтандыру маңызды.
Дамыған
эссенциялық
гипертензияны
емдеу
үшін
ангиотензинге
ауыстыратын
ферменттің
тежегіштері,
әлдостеронның тежегіштері (спиронолоктон), шеткері қан
тамырларын
кеңітетін
дәрі-дәрмектер,
бета-
адренорецепторлардың
тежегіштері,
Са
2+
иондары
өзекшелерінің тежегіштері қолданылады. Сонымен қатар,
организмнен тұздарды, артық сұйықты сыртқа шығару үшін
несепайдатқылар
пайдаланылады.
Қан
тамырларының
қабырғаларындағы тегіс ет жасушаларының қабықтарында май
қышқылдарының асқын тотығуын шектеу үшін антиоксиданттар,
фосфолипазаның тежегіштерін пайдалану маңызды.