Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет453/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жан-дүниелік 
күйзелістер, 
жағымсыз 
көңіл-күйлер, 
эмоциалық 
 
т.б. 
ауыртпалықтар 
кездерінде 
қан 
тамырларындағы эндотелий жасушаларының мембраналарында май 
қышқылдары 
асқын 
тотығуының 
маңызы 
бар. 
Осыдан 
артериялардың 
ішкі 
қабығында 
зат 
алмасуларының 
өзгерістері, 
эндотелий 
жасушаларының 
атеросклероз 
дамытатын 
липопротеидтерге 
өткізгіштігі 
көтерілуі, 
бейтарап 
майлардың 
ыдырауы 
күшейіп, 
босаған 
май 
қышқылдарынан бауырда үшглицеридтер мен төмен тығыздықты 
липопротеидтер түзілуі артады.
Гиподинамия 
атеросклероз дамуына өзінің елеулі үлесін 
қосады. Ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың қанында 
атерогендік липопротеидтердің деңгейі көтеріледі. Қол 
жұмысымен шұғылданатын адамдардың арасында атеросклероз 
сирек 
кездеседі. 
Олардың 
қанында 
антиатерогендік 
липопроитеидтер, атерогендік липопротеидтерге қарағанда, 
басым 
болады 
және 
липопротеидтерді 
ыдырататын 


542
ферменттердің белсенділігі жоғары болады. Тәжірибелерде 
қояндардың қимыл-қозғалыстарын азайту арқылы олардың 
тамырларында 
атеросклероздық 
өзгерістердің 
дамуы 
тездейтіні байқалды. Сонымен бірге гиподинамия адамның 
семіруне әкеліп, майлардың алмасуын бұзады. 
Семіздік, 
әсіресе 50 жасқа дейінгі жас адамдарда, 
атеросклероз 
дамуына 
қатерлі 
ықпал 
болады. 
Оны 
гиперлипопротеидемия, 
гиподинамия, 
гипертензия 
және 
семіруге 
әкелетін 
инсулинге 
төзімділік 
болуымен 
байланыстырады. 
Атеросклероз дамуында дұрыс қоректенбеудің маңызы бар 
– деп есептеледі. Тағамда холестериннің, қаныққан май 
қышқылдарының және жеңіл қорытылатын көмірсуларының көп 
болуы, керісінше, онда қанықпаған май қышқылдарының, 
тағамдық 
талшықтардың, 
антиоксиданттардың 
аз 
болуы 
атеросклероз дамуына қолайлы жағдай туындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет