Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жұқпалар мен вирустардың маңызы



Pdf көрінісі
бет456/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жұқпалар мен вирустардың маңызы.
1973 ж. С. Fabricant 
әріптестерімен 
атеросклероздың 
дамуын 
вирустардың 
созылмалы әсерлерімен түсіндірді. Олар мысықтарда жасалған 
тәжірибелерде 
ұшық 
(герпес) 
туындататын 
вирустардың 
әсерлерінен 
бүйрек 
жасушаларында 
майлардың 
алмасуы 
бұзылатынын 
және 
оларда 
холестериннің 
жиналатынын 
көрсетті. Артынан бұл ғалымдар, жұқпаларға ұшырамаған 
тауық балапандарын өсіріп, оларда герпес вирустарының 
әсерінен 
қан 
тамырларының 
атеросклерозы 
дамитынын 
көрсетті. Электрондық микроскоппен кенеттен өлген адамның 
жүрегінде, артынан атеросклерозға ұшыраган қолқа мен 
артериялардың қабырғаларында герпес вирусының бөлшектері 
табылды. Сонымен, ұшық дамытатын вирустармен атеросклероз 
дамуында белгілі байланыс бар екені анықталды. Солардың 
ішінде 
атеросклероздың 
этиологиясында 
Эпштейн-Барр 
вирусының (ЭБВ) маңызы бар. Атеросклероздың клиникалық 
көріністері кездерінде қанда Эпштейн-Барр вирусына қарсы 
антиденелер 
болатыны 
анықталды. 
ЭБВ 
Т- 
және 
В-
лимфоциттерге, макрофагтарға, қан тамырларының эндотелий 
жасушаларына, 
тегіс 
ет 
жасушаларына, 
тромбоциттерге 
тікелей 
бүліндіргіш 
әсер 
етеді. 
Осы 
келтірілген 
деректердің негізінде, кейбір ғалымдардың ойлары бойынша, 
атеросклероз дамуын туындататын себепкер ықпал болып ЭБВ 


545
есептеледі. 
Сонымен бірге, соңғы жылдары атеросклероз кезіндегі 
эндотелий жасушаларының бүліністері созылмалы жұқпалардың 
(Chlamydia pneumoniae) әсерлерімен түсіндіріледі. Оған 
мынадай дәлелдер келтіруге болады: 
● серологиялық әдістермен эпидемиологиялық зерттеулер 
кездерінде бұл бактерияларға қарсы антиденелер табылды;
● 
атеросклероздық 
түйіндақтарда 
көрсетілген 
бактерияларды анықтауға болады; 
● атеросклерозбен және осыдан миокард инфарктымен 
ауыратын адамдарды антибиотиктермен емдеу өзінің алғашқы 
нәтижелерін көрсете бастады (Грацианский Н. А., 1997). 
Егер бұл дерттің пайда болуын герпес вирустардың 
немесе жұқпалардың әсерлерінен десек, онда: неге жаңа 
дамып келе жатқан мемлекеттердің тұрғындарының немесе 
әйелдердің арасында атеросклероз сирек кездеседі?— деген 
сүраққа жауап қайтару қиын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет