Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет464/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
Сыртқы 
тыныс 
жеткіліксіздігі 
мына 
патогенездік 


556
жолдармен: 
● 
өкпе 
ұяшықтарының 
желдетілуі 
(вентиляциясы) 
бұзылыстарынан; 
● өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы 
газдардың диффузиясы бұзылыстарынан
● өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан; 
● олардың біріккен бұзылыстарынан - дамиды. 
Өкпе ұяшықтарының желдетілуі немесе вентиляциясының 
бұзылыстары. 
Олар 
гипервентиляция, 
гиповентиляция 
түрлерінде 
көрінеді. 
Өкпенің гипервентиляциясы – деп сыртқы дем алатын ауа 
мен өкпе ұяшықтарындағы ауа алмасуының көбеюін айтады. 
Бұл кезде тыныстық ауаның минөттік көлемі (ТМК) мен 
өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы (ӨТС) көбейеді. Ол 
физиологиялық 
және 
патологиялық 
(дерттік) 
болып 
ажыратылады. Физиологиялық гипервентиляция кезінде ол 
оттегіге деген организмнің көтеріңкі мұқтаждығын аластауға 
бағытталады және оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге 
тоқталады. 
Дерттік 
(патологиялық) 
гипервентиляция 
оттегіге 
қосымша мұқтаждықпен немесе СО
2
сыртқа шығару қажеттігіне 
байланысты болмайды. Ол ми және оның қабықтарының аурулары 
кездерінде, миға қан құйылғанда, гипоксемия (анемия, 
таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның 
төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік 
қозуынан дамиды. 
Бірақ ұзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалоз 
дамуына әкеледі, осының әсерінен тыныс алу орталығы 
тежеледі. Бұл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен 
ауысады. 
Өкпенің гиповентиляциясы - деп өкпеде ауа алмасуының 
азаюын айтады. Ол мына жағдайларда байқалады: 
● өкпенің және тыныс жолдарының дерттері (пневмония, 
пневмосклероз, эмфизема, бронхит т.с.с.) кездерінде
● тыныс алуды реттейтін жүйкелердің жарақаттануы
қабынуы немесе бұл жүйкелерден серпіндердің (миастения, 
ботулизм, сіреспе т. с. с. дерттер кездерінде) тыныс алуға 
қатысатын бұлшықеттерге берілмеуі немесе олардың қабынуы, 
дистрофиясы кездерінде; 
● қабырға аралық жүйкелердің, өкпеқаптың қабынулары 
кездерінде қатты ауыру сезімінде; 
● жұлында өспе дамығанда немесе полиомиелит ауруы 
кезінде оның мотонейрондарының бүліністерінен тыныс алуға 
қатысатын еттердің жүйкеленуі бұзылыстарында; 
● мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын 


557
ықпалдардың тікелей тежегіш әсерлерінен немесе олардың қан 
тамырларындағы хемо-, барорецепторлардың қоздырылуынан 
рефлекстік түрде тежелгенінде. 
Гиповентиляция пайда болу себептеріне қарай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет