Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Сыртқы тыныс патофизиологиясы



Pdf көрінісі
бет462/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Сыртқы тыныс патофизиологиясы
Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, көмір 
қышқыл газын қалыпты денгейде сыртқа шығарып тұратын 
өкпедегі өтетін үрдістердің жиынтығын айтады. Өкпеде 
негізінен үш түрлі үрдіс өтеді: 
● атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның 
алмасуы (өкпенің желдетілуі немесе вентиляциясы); 
● олардағы ауадан қылтамырлардағы қанға оттегінің, 
көмір қышқыл газының кері бағытта қаннан шығарылатын ауаға 
жайылып тарауы (газдардың диффузиясы); 
● өкпе қылтамырлары арқылы қанның айналымы (өкпенің 
перфузиясы). Осы үш үрдістің қалыпты арақатынастары арқылы 
қандағы газ құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. 
Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол 
осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне 
әкеледі. 
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі - деп белгілі бір 
жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде 
қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе 
мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады
. Ол организмнің
тыныштық жағдайында да гипоксия мен газдык, ацидозға 
әкелуі мүмкін немесе организмнің қол
жұмысына немесе 
физикалық жүктемелерге мүмкіншілігін азайтады.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі мына себептерден дамиды: 
● тыныс алу реттелулерінің бұзылыстарынан; 
● 
тыныс 
алу 
бұлшықеттеріне 
жүйкелік 
серпіндер 
тарауының бұзылыстарынан немесе тыныстық бұлшықеттердің 
өздерінің бүліністерінен; 
● кеуде қуысы қозғалыстарының бұзылыстарынан; 
● тыныс алу жолдарының бұзылыстарынан; 
● өкпе тінінің дерттік өзгерістерінен. 
Тыныс алу реттелулерінің бұзылыстары
мына себептерден: 
♣ 
мидағы 
тыныстық 
орталықтың 
(дәрілердің, 
есірткілердің әсерлерініен) тежелуінен; 
♣ тыныстық орталықтың құрылымдық (ми жарақаты, миға 
қан құйылу т.б. кездерінде) бүліністерінен; 
♣ 
тыныстық 
орталыққа 
бағытталатын 
жүйкелік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет