562
жеткіліксіздігіне ғана тән әйгіленімдерді айтады. Оларға
артериялық гипоксемия мен гиперкапния жатады.
Бейспецификалық
көріністеріне,
тыныс
алудың
жеткіліксіздігінде ғана емес, басқа жүйелердің (мәселен,
қан, жүрек-қан тамырлар жүйелерінің)
аурулары кездерінде
де байқалатын әйгіленімдерді жатқызуға болады. Бұларға:
● тыныс алудың жиілігі мен ырғағының өзгерістері;
● тері мен шырышты қабықтардың көгілдірленуі (цианоз);
● ентік;
● әртүрлі дерттік тыныстар - жатады.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық түрлері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің спецификалық көріністеріне
қарай оның:
● гипоксемиялық немесе ұлпалық тыныс жеткіліксіздігі
(I-түрі);
● гиперкапниялық-гипоксемиялық немесе вентиляциялық
тыныс жеткіліксіз -дігі (II- түрі) -деп екі түрін
ажыратады.
Гипоксемиялық тыныс жеткіліксіздігі
кезінде артериялық
қанда оттегінің үлестік қысымы с. б. 60 мм-ден төмендеп
кетеді. Ол өкпе ұлпасының ауыр бүліністерінен және төменгі
майда тыныс жолдарының ауруларынан дамиды.
Оның даму
жолдарында:
♣ өкпе ұяшықтары мен қылтамырлар қабырғалары арқылы
газдардың диффузиясының бұзылыстары;
♣
ұяшықтардың
желдетілуі
мен
олардың
қанмен
қамтамасыз етілуінің арақатынасы бұзылыстары;
♣
веналық қанның, өкпе тамырларына түспей, тікелей
сол жақ жүрек қуыстарына ауысуы;
♣ дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымы қатты
азайып кетуі – маңызды орын алады.
Артериялық гипоксемияның
нәтижесінде мидың, жүректің,
бүйректің т.б. ішкі ағзалардың жасушаларында гипоксия
дамиды. Шамалы гипоксемиядан адамның парасаты, көз көруі
төмендейді. Артериялық қанда оттегінің үлестік
қысымы
(рО
2
) сынап бағанасы бойынша 50 мм-ден азайғанда адамның
масаттануы болып, өз жағдайын бағалай алмайды, ұйқы басады
және сана-сезімі қарауытады. Ол
одан ары азайғанда естен
тану, тырыспа-селкілдек дамып, мидың бүліністері пайда
болады. Гипоксемия кезінде жүрек қағуы, артериялық қысым
көтерілуі болып, артынан
брадикардия және гипотензия
дамиды. Басында тыныс алу жиілеп (гиперпное), артынан ол
сирейді, брадипное дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: