561 V a /Q бірден төмен болуы қалыпты қан келетін ұяшықтардың
желдетілмеуін көрсетеді. Бұндай жағдай обструкциялық
бронхит, ателектаз т.с.с дерттер кездерінде байқалады және
ол артериялық гипоксемияға әкеледі. Бірақ сау ұяшықтардың
желдетілулері
икемделістік
түрлерде
жоғары
болудан
гиперкапния дамымайды.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі қауырт, жіті
және созылмалы түрлерде болады. Қауырт сыртқы тыныс
жеткіліксіздігі бірнеше минөттен бірнеше сағаттың ішінде
дамиды. Оған мысал ретінде: дыбыс байламдарының аяқ
астынан жиырылуы немесе жоғарғы тыныс жолдарына бөгде зат
түскенде
адамның
тұншығуын,
бронхиалық
демікпенің
ұстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын т. с.
с. дерттерді келтіруге болады.
Жіті сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше аптаньщ
ішінде
дамиды.
Мәселен,
жіті
пневмония,
өкпеқапта
біртіндеп
сұйық
немесе
ауа
жиналуы
(гидроторакс,
пневмоторакс), өкпе сыртынан қысылып қалуы, өкпе ісінуі
кездеріндегі сыртқы тыныс жеткіліксіздігі.
Созылмалы сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше
айдан
бірнеше
жылдар
бойы
дамиды.
Мәселен,
өкпе
эмфиземасы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі т. с. с.
аурулар. Бұл кезде сыртқы тыныс жеткіліксіздігі үш сатыда
өтеді:
● теңгерілген (компенсациялық) жеткіліксіздік сатысы.
Бұл кезде өкпе вентиляциясы бұзылған белгілер болғанымен
қанда отгегінін қалыпты деңгейі ұстальш тұрады.
● шала тенгерілген (субкомпенсациялық) жеткіліксіздік
сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе
төмендеген, өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы
бұзылған болады. Қанда тотыққан, оксигемоглобиннің деңгейі
93%-дан азаяды, гипоксемия байқалады.
● теңгерілмеген (декомпенсацияланған) жеткіліксіздік
сатысы
кезінде
ауыр
гипоксемия
(артериялық
қанда
оксигемоглобин 75%-дан аз) және гиперкапния дамиды,
артериялық қанда көмірқышқыл газының мөлшері с. б. 42 мм-
ден астам болады. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі нәтижесінде
қанның газдық құрамы өзгереді және ентік пайда болады.
Қанның
газдық
құрамының
өзгерістері
гипоксемия,
гиперкапния және гипокапния түрлерінде көрінеді.