570
сыйымдылығы – деп 100 мл қанның оттегіні ең көп
байланыстыру мүмкіншілігін айтады.
Қанда оттегі еріген
күйінде өте аз, мөлшермен 0,3 мл-дей ғана, болады. Оттегі
негізінен гемоглобинмен байланысып тасымалданады. 1 грамм
гемоглобин 1,34 мл оттегіні байланыстырады. Сонда 1 литр
қанда 145-160 грамм гемоглобин болғанда 100 мл қанда 19,4-
21,4 мл оттегі байланыстырылады. Осы алынған оттегінің
мөлшеріне 100 мл қанда еріген 0,3 мл
оттегіні қосқанда
қанның оттегіге сыйымдылығы 19,7-21,7 мл болады. Ол 100 мл
қанда есептелетін болғандықтан көлемдік пайыз (көл.%)
өлшемімен белгіленеді. Қанның оттегіге сыйымдылығы онда
гемоглобин мөлшері азайып кетуінен немесе гемоглобиннің
оттегіні байланыстыру қабілеті төмендеп кетуінен азаяды.
Сондықтан бұл гипоксияны анемиялық
және гемоглобиннің
әсерсізденуінен болатын гипоксия деп екіге ажыратады.
Анемия кездерінде гипоксия эритроциттер мен гемоглобиннің
азаюынан болады. Гемоглобиннің әсерсізденуі оның көміртегі
тотығымен немесе азот тотығымен т.б. тотықтырғыш газдармен
қатты байланысып қалуынан болады.
Гемоглобиннің көміртегі
тотығымен байланысын карбоксигемоглобин, азот тотығымен
байланысын метгемоглобин дейді. Гемоглобиннің көміртегі
тотығына (СО)
байланысу қабілеті, оттегіге қарағанда, 300
есе жоғары болады. Метгемоглобин құрылғанда гемоглобиннің
молекуласындағы темір үш валентті болады да, ол оттегіні
байланыстыра алмайды. Карбокси- және метгемоглобиндердің
оттегіні тасымалдау қабілеті қатты төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: