Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Қанайналымдық (циркуляциялық)



Pdf көрінісі
бет478/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Қанайналымдық (циркуляциялық) 
гипоксия қан айналымының 
жергілікті және жалпы бұзылыстарында дамиды. Жалпы 
циркуляциялық гипоксия жүрек ауруларында, сілейме (шок), 
коллапс, организмнің сусыздануы (дегидратациясы), тамыр 
ішінде шашыранды қан ұю-синдромы кездерінде байқалады. 
Егер қанайналымының бұзылыстары үлкен қан айналым 
шеңберінде болса, онда өкпеде қанның оттегіге қанығуы 
қалыпты деңгейде болуына қарамай, оттегінің тіндерге 
тасымалдануы бұзылады. Қан айналымының кіші айналым 
шеңберінде бұзылуы артериялық қанның оттегімен қанығуы 
бұзылуына әкеледі. 
Сонымен бірге, циркуляциялық гипоксия майда тамырларда 
қан мен лимфаның ағуы, қылтамырлар мен жасуша мембраналары 
арқылы газдардың жайылып тарауы (диффузиясы) бұзылуына 
әкелетін микроциркуляция бұзылыстарында байқалады. 
Бұл гипоксия кезінде артериялық қанның оттегіге 
сыйымдылығы, 
гемоглобиннің 
оттегіге 
қанығуы 
қалыпты 
деңгейде болады. Бірақ тіндер арқылы өтетін қылтамырларда 
қанның ағу жылдамдығының баяулауы нәтижесінде тіндер 
қандағы оттегін толығынан пайдаланып үлгереді. Содан 


571
веналық қанда оттегінің деңгейі қатты азаяды. Осыдан 
циркуляциялық гипоксия кезінде артериалық қан меи веналық 
қанның арасында оттегінің мөлшері бойынша айырмашылығы 
қатты көбейеді. Қалыпты жағдайда бұл айырмашылық 5 
көлемдік % мөлшерінде болады. 
Ағзалар мен тіндерде қанның ағуы баяулағандықтан 
тіндер 
мен 
қылтамырларда 
СО
2
жиналып 
қалады. 
Бұл 
оксигемоглобиннің 
оттегіден 
ажырауын 
тездетеді 
де, 
оттегінің тіндерге ауысуын арттырады. Бірақ тіндерге ағып 
келетін қанның аздығынан және оның ағу жылдамдығы қатты 
баяулауынан ағзалар мен тіндерге оттегінің тасымалдануы 
бұзылады да гипоксия дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет