569
жеткіліксіздігінен, қышқыл өнімдер артық жиналып қалуы
болып, ол метаболизмдік ацидозбен ауысады;
♣ жүрек пен мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады;
өйткені көмірқышқылы газының белгілі мөлшері ми мен жүрек
тамырларының межеқуатын ұстап тұруы үшін қажет.
♣ тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендейді.
Содан бастапқы тыныс алудың жиілеуі оның сиреуімен
ауысады, брадипноэ дамиды.
●
нормобаряиялық гипоксия
ауасы алмастырылмайтын тар
кеңістіктерде,
терең
құдықтарда
немесе
хирургиялық
операция кезінде қолмен демалдыратын құрал істен шыққанда
байқалады. Бұл жағдайларда адамды қоршаған ортада,
барометрлік қысым қалыпты
деңгейде болғанына қарамай, дем
алатын ауада оттегінің үлестік қысымы қатты төмендейді.
Содан өкпеде қанның оттегіге қанығуы азаяды, артериялық
гипоксемия дамиды және ол көмірқышқылы газының көптігімен
бірге әсер етеді. Бұл жағдайларда
организмде гипоксемия
мен қатар гиперкапния байқалады. Шамалы гиперкапния ми мен
жүректе
қанайналымды
жақсартып,
мидағы
тыныс
алу
орталығының қозымдылығын көтереді. Ал, ол тым артық болып
кетсе, онда организмде газдық ацидоз дамиды, гемоглобиннің
оттегіге үйірлігі азайып,
оны байланыстыру қабілеті
төмендейді. Осыдан гипоксия одан сайын күшейеді.
Бұл екі жағдайда да өкпеде гемоглобиннің оттегіге
қанығуы нашарлайды, қанда оксигемоглобин мен оттегінің
кернеуі азаяды,
онда керісінше, тотықсызданған гемоглобин
көбейеді. Осыдан гипоксемия дамиды, цианоз байқалады.
Тіндерге оттегі аз түседі де, оларда тотығу-тотықсыздану
үрдістері бұзылады.
Дегенмен, бұл үрдіс қандағы оттегінің
деңгейі белгілі мөлшерге дейін төмендегенше жүріп жатады.
Одан ары қарай оттегінің азаюы тіндік тыныстың толық
бұзылуына әкеледі. Сондықтан, тіндерде тотығу-тотықсыздану
үрдісі әлі жүріп жататын оттегінің қандағы ең төмен
деңгейін
Достарыңызбен бөлісу: